213
2.
Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген»,
«күшейген» деген сөздер «заман» мен «білім» жайын айтып,
бірінің өзгергендігін, екіншісінің күшейгендігін баяндап тұр
(бұл
– ішкі белгісімен қарағандағысы). За ман не еткен?
–
өзгерген. Білім не еткен?
– күшейген. (Бұл
– тысқы белгілері).
3. Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайы-
нан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл
– ішкі
белгілері). Біреу не ететін?
– беретін. Біреу не ететін? – алатын.
(Бұл
– тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына
мысалдар:
1. Бала жылай берген. Кім жылай берген?
– бала (бас тауыш).
Бала не қылған?
– жылай берген (баяндауыш).
2. Оспан оқып жүрген.
Кім оқып жүрген? – Оспан (бастауыш). Оспан не қылған? –
оқып жүрген (баяндауыш).
3. Асан айтқан екен.
Кім айтқан екен? – Асан (бастауыш). Асан не қылған екен?
– айтқан екен (баяндауыш).
Достарыңызбен бөлісу: