246
қорқытады, терең батырады. Арзанның сорпасы татымас.
Соқыр көргенінен жазбас. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі
– шүберек. Қоянды қамыс өлтірер. Сай сайға құяр, бай байға
құяр. Тентек шоқпар жияр. Ат аунаған жерінде түк қалар. Тау
мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Асыл тастан шығар,
ақыл жастан шығар. Алтын, күміс тас болар, арпа, бидай ас
болар.
4. Толымсыз сөйлем
Тұрлаулы мүшесінің біреуі немесе екеуі де жоқ бол са,
сөйлем толымсыз деліп аталады.
Мысал: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар,
жоқты қайдан табар. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан.
Күлме досыңа, келер басыңа. Асың-асың, асыңа береке берсін
басыңа. Асың барда ел таны, атың барда жер таны. Ауру астан,
дау қарындастан. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге
еңкей, атаңнан қалған құл емес. Баланы жастан, қатынды
бастан.
5. Жалаң сөйлем
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деліп аталады.
Мысал: Ел қонды. Ат аунады. Қой маңырады. Аспан ашық.
Ет жасық. Қымыз сусын. Көп қорқытады, терең батырады.
Үлкен бастар, кіші қостар. Өлген келмес, өшкен жанбас. Ат
тепті, қасқыр қапты. Ат азар, тон тозар.
Отын бар, от жоқ.
6. Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар
сөйлем жайылма деліп аталады.
Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Қоянды
қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер. Сай сайға құяды, бай байға
247
құяды. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Білегі
толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Екі қатын
алғанның дауы үйінде, жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Қатты жерге қақ тұрар. Жүйріктен шабан туады, жақсыдан
жаман туады. Қаратаудың басынан көш келеді. Мен келдім
Мырзалының ордасына, сөз айттым қасындағы молдасына.
Үйіңе сөйлес қылдым кеш уақытта. Кеш мезгіл келе жатты
екі кісі. Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта. Алаштың баласына
керегімсің.
Достарыңызбен бөлісу: