34
Ұяң харіфтер өзара екіге бөлінеді: 1) Ымыралы харіфтер.
2) Ымырасыз харіфтер.
Ымыралы харіфтер:
ж, р, з, л.
Ымырасыз харіфтер:
м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді көшіріп, ымыра лы
харіфтердің
астын бір сызып, ымырасыз харіфтердің астын екі
сызып көрсетіңдер.
Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. Саңырауға
сәлем берсең, атаңның басы дер. Көне садақты деме, атқанын
көрерсің, көне етікті деме, атасын білерсің. Жорға мінген
жолдасынан айрылады, көп жасаған құрдасынан айрылады.
Жығылған күреске тоймас. Саяқ жүрсең, таяқ жерсің. Тың-
дамасқа сөйлеген есіл сөзім, жыламасқа жылаған екі көзім.
Аузы күйген үріп ішер. Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған
тайлақтай, жетелеген мойнақтай. Көңіл кірі айтса кетер, көйлек
кірі жуса кетер. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік
тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
(ЖАЗУ)
ҚАҒИДАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: