30
БУЬІН ҺӘМ ДЫБЫС
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?»
«же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буын-
нан бар. Мұндағы һәр буында екі-екі дыбыстан бар. «
Н-е?»
(бірінші дыбыс «
н», екінші дыбыс «
е»); «
ж-е!» (бірінші дыбыс
«
ж», екінші дыбыс «
е»); «
м-ә!» (бірінші дыбыс «
м», екінші
дыбыс «
ә»); «
а-т» (бірінші дыбыс «
а», екінші дыбыс «
т»);
«
а-ш» (бірінші дыбыс «
а», екінші дыбыс «
ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды,
бірақ бұлардың һәр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс
бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у.
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу,
а-су, а-зу, а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір
дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар.
Дыбыс таңбасын
харіф деп атаймыз, сондықтан жазған сөз
ішінде пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс
бар дейміз. Дыбыс һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-
бірін қатыстырып шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін,
көрінбейтін нәрсе, харіф көрінетін, естілмейтін нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: