Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-сыз» жұрнағын
қостырып, туынды сөз еткізу.
Бас, аяқ, қол, жол, пұл, жем, жең, тек, тең, ем, жел, көл, бет,
еп, ат, қой, түйе, мал, ет, сүт, сорпа, нан, жан, ел, күн, бала,
жала, қала, қора, албар, ау, тау, бота, жота, күй, ін, ой, от, құт,
бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, түр, төл, түп, тол, түк, жіп, мұң, сан,
тон, дақ, дәт, дәм, дәме, мін.
8. Жұрнақ «-ғы». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы
«-ғы» күйінде жалғасады. Мәселен: бұрын-бұрынғы, ар-арғы,
соң-соңғы. Түбір сөз жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» бола-
ды. Мәселен: кеше-кешегі, бүгін-бүгінгі, кейін- кейінгі, төме
-төменгі.
Қатаң дыбыстардан кейін жуан сөздерде «-қы» бо лып,
жіңішке сөздерде «-кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-артқы,
сырт-сыртқы, түп-түпкі, шет-шеткі.
45
9. Жұрнақ «-еке». Бұл жұрнақ түбір сөзге жалғаспай
сызықпен бөлініп жазылғаны қолайлы: «еке» деген жұрнақ
-еке деген сөзден азып болған сөз: би-еке, төре еке, батыр-еке,
Нұр-еке, әке-еке, аға-еке, шеше-еке.
10. Жұрнақ «-ншы». Бұл жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан
айтылады, жіңішке сөзге жалғасса, жіңішке болып айтылады.
Мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтын-
шы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырмасын-
шы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші,
сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы.
Достарыңызбен бөлісу: |