Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет78/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ІІІ. ЖАЛҒАУЛЫҚ
Кей сөздер жалғау орнына жүреді жана жалғаулар сияқты 
басқа  сөздердің  шылауында  тұрмаса,  өз  алдына  мағына 
шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз.
Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін, 
арқылы, тақырыпты, туралы.
«менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып 
айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады.
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  жалғаулық  сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Күштімен  күреспе,  байменен  тіреспе.  Отпен  ойнама 
күйерсің,  баламен  ойнама,  шаршарсың.  Бұлардың  дауы  жер 
тақырыбы, олардың дауы – жесір тақырыбы. Хабарды телеграм 
арқылы алдым, хатты пошта арқылы алдым. Мен жазбаймын 
өлеңді ермек үшін. Жоқ-барды ертегіні термек үшін. Ат тура-
лы  сөзді  қысқарталық.  Қолмен  істегенді  мойынмен  көтереді. 
Таспен ұрғанды аспен ұр.


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет