Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет76/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ШЫЛАУ СӨЗДЕР
І. ҮСТЕУ
Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толтыру үшін үстеу 
болады. Мәселен: «әрең келдім» дегенде, «әрең» демесем де, 
келгенім көрініп тұр, бірақ «әрең»-ді қосқанда келгендік үстіне 
қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» дегенде «әбден» 
демей  де,  бітіргендік  көрініп  тұр;  бірақ  қалай  бітіргендік 
көрінбейді,  «Бітірді»-нің  үстіне  «әбден»  деген  сөз  жамалса, 
қалай бітіргендігі де көрінеді, «дөп тиді» дегенде тигендігі «дөп» 
деп  айтпасақ  та,  көрінеді,  бірақ  қалай  тигендігі  көрінбейді, 
«дөп»  деген  сөзді  қосып  айтсақ,  қалай  тигендігі  де  көрінеді. 
«Ол әрі кетті», «мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген 
сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп 
тұр.  Бірақ  оның  қайда  кеткендігі,  менің  қайда  келгендігім 
«әрі»,  «бері»  деген  сөзді  айтпасақ,  көрінбейді.  Сондай-ақ 
«Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам көп, жер тар бол-
ды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам аз болғаны, жер кең 
болғаны көрініп тұр, бірақ адам қашан аз болғаны, жер қашан 
кең  болғаны  көрінбейді.  «Бұрын»  деген  сөзді  қосып  айтсақ, 
қашан  аз  болғандығы  көрініп,  сөздің  мағынасы  түгелденеді. 
«Енді»  де ген  сөзді  айтпай  «адам  көп,  жер  тар  болды»  десек 
де, адам аз, жер тар болғандығы көрінеді. Бірақ қашан солай 
болғандығы керінбейді. «Енді» деген сөзді қосып айтсақ, адам 
қашан аз болғандығы, жер қашан тар болғандығы анық көрініп, 
сөздің мағынасы түгелденеді.
Осындай  сөз  үстіне  қосылып,  сөздің  мағынасын  толық- 
тыратын сөздерді үстеу дейміз.
Көбінесе үстеу сөз орнына басқа сөздер, не басқа сөзден ту-
ынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде 
аз.  Үстеу  сөз  де,  туынды  үстеу  сөз  де,  үстеу  сөз  орнындағы 
басқа сөз де – бәрі сұраудан білінеді. Қалай?, қашан?, қайда? 
деген  сөздерге  жауап  болып  айтылатын  сөздердің  бәрі  де  я 
үстеу сөз, я соның орнындағы төлеу сөз. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын 
сызып көрсетіңдер.


95
Кеше ыстық болды, бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар 
ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде 
ауырғанын қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра  барып  келермін.  Баяғыда  бір  бай  болған  екен.  Ат 
артынан  аулақ  жүр.  Нұрман  кітапты  жылдам  оқып  шықты, 
Бірман шабан оқиды.
Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп отыр екен. Ана кісі 
арман бара жатыр, мына кісі бермен келе жатыр. Анда-санда 
айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-жүз сөйлестік. Осы 
сөзімді  әдейі  ауызыма-ауыз  өзіне  айт.  Құс  кеш  келді.  Екеуі 
далаға  бірге  шықты.  Ауылға  таяу  келіп,  жаяу  жүрді.  Бірге  
келіп, басқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең окырмын» деп жалқау 
бала ай тады, «бүгін оқиын, ертең ойнармын» деп іскер бала ай-
тады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет