Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет87/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Анайылық рет.
Жекеше: І-інші жақ – атам, апам, балам, атым, асым, ба-
сым.
ІІ-нші жақ – атаң, апаң, балаң, атың, асың, басың.
ІІІ-інші жақ – атасы, анасы, баласы, аты, асы, басы.
Көпше:  І-інші  жақ  –  аталарым,  аналарым,  балаларым, 
аттарым, астарым, бастарым.
ІІ-інші жақ – аталарың, аналарың, балаларың, аттарың, 
астарың, бастарың.
ІІІ-інші жақ – аталары, аналары, балалары, аттары, ба-
стары
Сыпайылық рет.
Жекеше: І-інші жақ – атамыз, анамыз, баламыз, асымыз, 
басымыз.
ІІ-нші жақ – атаңыз, анаңыз, балаңыз, атыңыз, асыңыз, 
басыңыз.
ІІІ-інші жақ – анайылық ретше.


107
Көпше: І-ші жақ – аталарымыз, аналарымыз, балалары-
мыз, аттарымыз, астарымыз, бастарымыз.
ІІ-нші  жақ  –  аталарыңыз,  аналарыңыз,  балаларыңыз, 
аттарыңыз, астарыңыз, бастарыңыз.
ІІІ-інші жақ – анайылық ретше.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  осы  үлгі  бойынша 
әуелі анайы ретке, сонан соң сыпайы ретке аударту (жекеше, 
көпше, үш жақтық түрлерімен).
Арба, көрпе, тау, егеу, тай, көмей, сый, ши, от, бет, саз, әз, 
таң, көң, нар, айыр.
Сұраулар.
Зат туралы қазақ тілінде екі сұрау бар: кісі туралы «кім?» 
деп сұраймыз, басқа заттар туралы «не?» деп сұраймыз.
Жалғay һәм жалғаулықтар.
Жалғау екі түрлі: 1) Септік жалғау; 2) Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады. Көптік 
жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.
Септік жалғау бесеу: 1. Ілік жалғау «-дың»; 2. Барыс жалғау 
«-ға»; 3. Табыс жалғау «-ды»; 4. Жатыс жалғау «-да»; 5. Шығыс 
жалғау «-дан».
Көптік жалғау біреу-ақ: «-лар», «-лар» жалғау жіңішке сөзде 
«-лер» болады.
Сөздің  аяқ  дыбысы  дауыссыз  яки  жарты  дауысты  бол-
са, «-лар» жалғау «-дар» болып, «-лер» жалғау «-дер» болып 
өзгереді.
Жалғаулықтар: менен, үшін, арқылы, туралы, тақырыпты 
уа ғайри сондай жалғау мағынасында жүретін сөздер.
Алдындағы сөздің аяқ дыбысының әуеніне қарап, жалғаулық 
«бенен» болып та айтылады. Қысқа түрлері «мен», «бен».
Септік жалғаулықтар да сөздің аяқ дыбысына қарай түрліше 
жалғанады.  Мысал  үшін  түрлі-түрлі  сөздер  алып,  жалғап 
қарайық.


108
Жай қалып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет