Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет100/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

аддисон дертіне шалдығады: тері қола түске боялып, адам арықтай- 
ды,  төбет  нашарлап,  қандағы  қант  мөлшері  азаяды,  қан   қысымы 
төмендейді, астения (әлжуаздық)  пайда болып,  ішкі ортада натрий 
мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.
Бездің  боз  затында  адреналин  жөне  норадреналин  гормондары 
түзіледі. Бүл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехола- 
миндер деп аталады. Олардың өсері симпатикалық нерв өсеріне ұқсас, 
сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.
Адреналин тираминнщ туьщдысы, ал норадреналин метилсізденген 
адреналин больш табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.
Катехоламиндер гликогенолиз жөне липолиз процестерін шапшаң- 
датады,  көмірсулар  мен майлар  алмасуына  эсер етіп,  жылу реттеу, 
қан айналым  процестеріне,  бүлш ық ет  өрекетіне,  ОНЖ -сі,  тыныс 
алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ы қпал жасайды. Адрена­
лин жүрек етінің қозғыпггығын күшейтіп, жиырылу күшін арттыра- 
ды,  жүрек жұмысын жиілетіпА оны ң минуттық  көлемін  көбейтеді, 
қан  қысымын жоғарылатады.  Норадреналин жүрек етінің қозғышты- 
ғын  өзгертпейді,  жүрек  жүмысын  баяулатады.  Бүл  екі  гормон  да 
жүрек тамырлары  арнаеын  кеңейтіп,  тері тамырларын тарылтады,
195
АЛЬДОСТЕРОН
32-сурет.
Бүйрек үсті безінің қүры- 
лымы мен гормондары


бауыр мен бұлш ық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп,  қан- 
дағы глюкозаның деңгейін жоғарылатады. Катехоламиндер организмді 
белсенді өрекеттерге дайындайды.
204-сурақ.  Жыныс  гормондары  қайда  тузіледі,  олардың  маңызы 
қандай?
Ж ыныс бездері аралас бездерГе жатады. Олар жыныс торшалары- 
мен қатар аталық жөне аналық гормондар бөледі. Жыныс гормонда­
ры  көбею  мүшелерін  физиологиялық  тонуста  үстап,  негізгі  жөне 
қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық жөне аналық 
дарақгарға төн мінездерді, жыныстық дағдылы өрекетгерді (инстинкт), 
организмнің пісіп-жетілуін реттейді.
Ж ыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. 
Аталық жөне  аналы қ  гормондар  аталық бездерде де,  аналық без- 
дерде де қатар түзіледі.  М ысалы,  ер адамның төуліктік зөрінде  3- 
10 мкг аталық гормондар жөне 5-15 мкг аналық гормондар, ал өйел- 
дер зөрінде 3-10 мкг андрогендер,  18-36 мкг эстрогендер болады.
Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпа- 
ларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал,  бездің  Сертоли тор- 
шаларында эстрогендер (аналық гормондар) түзіледі.
Аталық гормондарға альдостерон,  изоандростерон, дегидроандрос- 
терон,  тестостерон жатады.  Олардың арасындағы  ең  белсендісі  - 
тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. 
Олар бұлш ы қ етте белоктың түзілуін жөне жиналуын күшейтіп, оң 
азотгық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде 
майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфат- 
тын;, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.
Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық то­
нуста ұстап, ж ыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. 
Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән бе­
лок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалып- 
тастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.
Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста- 
гендер) жене андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары - прогес­
терон, прогненол - үрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. 
Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормонда- 
ры ны ң  түзілуін,  фолликуланың  дамуын,  жатырдың  жиырылуын 
бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. 
А налы қ  бездің  аралық  торшаларында  түзілген  андрогендер  фолли- 
кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жары- 
луын) реттеуге қатысады.
196
Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эндометрия)  ре­
лаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонньщ бөліну 
мөлшері өсе түседі.  Релаксин  босану (төлдеу) процесінің дүрыс өтуі 
үшін қажет, оның өсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, 
жатыр мойыны босаңсып, ашылады.
Буаздық кезінде плацента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет 
атқарады, одан эстрогендер, прогестерон, релаксин жөне жолдас гона­
дотропин! бөлінеді. Бүл гормондар буаздықтың сөтті өтуі үшін қажет.
Ж ыныс гормондарының түзілуі жөне бөлінуі нейрогуморальдық 
жолмен ретгеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерінің қызметін рефлексгік 
жолмен гипофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы ретгейді. 
Гипофиздің  фолликуланы жандандырушы  гормоны  аналы қ орга- 
низмде  фолликуланың  пісіп-жетілуін,  ал  аталы қ  организмде  - 
сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс  гор- 
мондарының түзілуін, ал пролактин - сары денеде прогестеронның 
бөлінуін жөне сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині 
жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет