Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет96/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

197-сурақ.  Булы гу  (ст ресс)  куйінен  шыгуда  гипоталамус  пен 
эндокриндік жуйе қандай рөл атқарады?
Әр түрлі тосын, қолайсыз факторлардың өсерімен (инфекция, ула­
ну,  қансырау, тоңазу т.с.с.) организм өрекетгері өзгеріп, ол шамадан 
тыс  ширығады,  булыгу  (стресс)  күйіне  ұшырайды.  Стресс  деген 
терминді канада ғалымы Ганс Селье үсынған.
Күшті тосын эсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты 
реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларының 
тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге қатысы ж оқ басқа да жал-
188
пылама  реакциялар  тудырады.  Осымен  байланысты  организм  өз 
қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үш ін жұмылды- 
рады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрес- 
сорлар деп атайды. Стрессорлардың өсер күші үйреншікті деңгейден 
жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек 
нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да өрекетке қосады.
Булыгу  (стресс)  жағдайында  қан  құрамындағы  адреналиннің, 
норадреналиннің,  глюкокортикоидтардың, АКТГ,  СТГ,  глюкагон- 
ның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, 
еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды.  Сонымен қатар 
қанны ң үйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, 
қан  түйіршіктерінің  саны  көбейіп,  жүрек  жүмысы  жиілейді,  қан 
қ ы сы м ы   ж о ға р ы л а й д ы ,  ж ү р е к т е г і  қ а н   а й н а л ы м   к ү ш е й іп , 
организмнің  қорғанғы ш ты қ  қабілеті  артады.  С онды қтан  стресс 
жагдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға төн белгілер 
жиынтығы) деп атайды.
Стрессор өсерімен алдымен рефлекс ретінде адреналиннің бөлінуі 
артады. Адреналин  гипоталамуске өсер етіп,  одан  кортиколиберин 
бөлінеді. Кортиколиберин аденогипофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. 
Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің 
қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.
Стресс үш сатьща өршиді.
1)  Дабыл  сатысы  -  АКТГ  мен  глюкокортикоидтар  секрециясы- 
ның күшеюімен сипатталады.
2)  Төзімділік сатысы - зат алмасу процесі қарқынының күшеюімен 
байланысты организмнің қорғаныстық қабілетінің жоғарылауымен, оның 
әр түрлі қолайсыз өсерлерге төзімділігінің артуымен сипатгалады.
3) Қажу сатысы - стрессор өсері тым күшті болып, үзаққа созыл- 
са,  глюкокортикоидтардың бөлінуі тиылып,  зат алмасу  процесінің 
қарқыны басылады да, организмнің қолайсыз өсерге қарсыласу қабілеті 
төмендейді, ауру дендейді.
198-сурақ.  Эпифиз деген не,  оның маңызы қандай?
Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың  бар- 
лык.  класында  кездеседі.  Ол  тек  қолтырауын  (крокодил)  мен  кит 
төрізділерде гана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миы- 
ның үстінде эпифиздік үлпалар табылған.
С алқы н  қанды  жануарлар  эпифизі  ф оторецепциялы қ аппарат 
болса, сүт қоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі.  М ы­
салы,  кесірткенің  “т өбелік  к ө з ”  деп  аталатын  мүш есінде  көз 
бұршағы мен көздің торлы қабығының элементгеріне  үқсас қүры - 
лымдар  табылған.  Бүл  құры лы м  ж ары қ  өзгерістерін  қабы лдап,
189


жануардың сыртқы  орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты 
реакцияларын туындатып отырады.
Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің ал- 
дыңғы  екі  төмпешіктерінің  арасында  орын  теуіп,  мидың  үшінші 
қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дөнекер ұлпа- 
лы қабықпен қапталған, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз қүры- 
лым. Оның бөлшектері пинеальдық жөне глиялық торшалардан кура- 
лады.  Бұл торшалар  фоторецепциялық  қабілетін жоғалтып,  бездік 
үлпаға айналған.
Эпифиз  серотонин жене мелатонин деген  биологиялық  белсенді 
затгар бөледі. Везде күңціз серотониннің, түнде мелатониннің мөлшері 
көбейіп отырады. Бүл затгар терінің пигментгік торшаларьша эсер етеді.
Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп,  жыныстық жетілу 
процесін ретгеңці. Жастық (ювенильдік) кезенде без мезгілсіз жыныс- 
тық жеіілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологиялық) жетілуі 
мен жыныстық жетілуінің арасындағы үйлесімдікті қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет