Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет136/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

274-сурақ.  Торлы қурылым деген не, ол қандай қызмет атқарады?
Ж ұлы н  мен  ми  сабағының  ортаңғы  бөліктерінде  орналасқан, 
өсінділері қиылысып тор төрізді құрылым түзетін нейрондар жиын- 
тығын торлы қурылым, немесе ретикулярлы формация, дейді. Торлы 
құрылым нейрондары топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек сопақ- 
ша ми деңгейінде ғана 90 ядро анықталған.
Торлы  құрылым  өрлеу жөне  төмендеу жүйелерінен  қүралады. 
Өрлеу жуйесі арқылы импульстер торлы қүрылымнан ми қыртысы- 
на шашырай тарайды да, оның белсенділігін күшейтеді. Сол себепті 
өрлеу жүйесін белсендіруші жүйе деп атайды (49-сурет).
Торлы қүрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен нақ- 
тылы байланыс түзбейді. Олар өр түрлі рецепторлардың - көру, есту, 
жанасу,  дөм  сезу  т.б.,  тітіркенуі  нөтижесінде  қозады.  Кез  келген 
рецептор тітіркенгенде тітіркеніс орталыққа тепкіш жол арқылы ми 
қыртысына бағытгалады да, тітіркенген рецептор табиғатына байла- 
нысты  ми  қыртысының  нақтылы  бір  бөлігінде  қозу  пайда  болады. 
Сондықтан  бұл  жолды  арнаулы  өткізу  жолы,  немесе  классикальіқ 
жол, деп атайды. Арнаулы өткізгіш жол арқылы тітіркеніс шапшаң, 
өзіндік сипатын сақтай отырып таралады, ми қыртысының нақтылы 
бөлігіне бағытгалады да, шоғырланған қозу процесін тудырады. Осыдан 
ол  эсер  еткен  тітіркендіргіш  сипатын  бейнелейтін  аны қ  мөлімет 
жеткізеді  де,  белгілі  түйсік  туғызады.  Сонымен  қатар,  ми  сабағы 
деңгейінде өрбір арнаулы өткізгіш жолдан торлы құрылым торшала- 
рына бүйір тармақ кетеді де,  онымен тараған импульстер өсерімен 
торлы құрылым торшалары қоса қозады. Торлы құрылым торшалары 
өр түрлі жолдардың бүйір тармақтарымен жалғасатын болғандықтан 
мүнда жеткен импульстер өзіндік сипатын жоғалтады.  Қозған торлы
құрылым торшаларынан да импульс 
ми қыртысына бағытталады, бірақ 
ол шашырай, жайыла таралады да, 
қы р ты с  торш алары н ы ң   жалпы 
белсенділігін  арттырады.  Торлы 
құрылым арқылы импульстер баяу 
тарайды жөне өзіндік сипатын жоға- 
л т ы п ,  с и г н а л д ы қ   м а ң ы зы н а н  
айырылады.  Осымен  байланысты 
торлы  құрылымның өрлеу  жолын 
жалпылама афференттік жол, неме­
се  белсендіруиіі  жуйе,  деп  атайды. 
Торлы  қүрылымның афференттік 
жолын  толығымен  қиып  тастаса,
260
организм терең ұйқыга кетеді де (кома), соңынан өліп қалады. Ал, бүл 
жол жарым-жартылай қиылса, үйқышылдық, селқостық байқалады.
Торлы құрылым ми қыргысымен қос жақты байланыста болады. Ми 
қыртысы торлы қүрылымнан импульстер қабылдап қана қоймай, оның 
афферентгік жүйесінің қызметін не жандандырып, не тежеп отырады. 
Демек, оның өзі торлы құрылым қызметін басқарып, бағытгайды.
Торлы құрылымның төмендеу жуйесі арқылы жұлы нны ң мото- 
нейрондарына бұлшық ет қызметін күшейтетін немесе тежейтін им ­
пульстер жіберіледі. Сондықтан оның төмендеу жолдары белсендіруші 
жөне тежеуиіі болып екіге бөлінеді. Торлы құрылымның төмендеу 
жүйесі вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары арқылы ішкі ағза- 
лардың  қызметіне  де  эсер  етеді.  Торлы  қүрылым  жүрек  пен  қан 
тамырларының,  тыныс  алу  ағзаларының,  ас  қорыту жолдарының, 
бөлу  мүшелерінің  қызметін  реттеуге  қатысады,  іш кі  секреция 
бездерінің қызметіне эсер етеді.
М и сабағы деңгейінде торлы құрылымның өрлеу жөне төмендеу 
жүйелері бірін-бірі жауьш, бүркеп жатады. Осымен байланысты өрлеу 
жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші немесе тежеуші бөлімдерімен 
бір мезгілде қозуы мүмкін.  Бірінші жағдайда ми қыртысының тал- 
дау жөне жинақтау  (анализдік жөне  синтездік)  қызметі  артады да, 
рефлекстер  күшейеді,  бірден  өрекет  туындайды.  Екінш і  жағдайда 
жұлынның қимылды ретгейтін қызметі тежеледі, сақтық артады, орта 
жағдайы бағдарланған соң ғана әрекет басталады.
Торлы құрылыммен түрлі эмоциялар - үрей, рахатгану, ызалану 
т.с.с., байланысты, сондықтан гипоталамус аймағындағы торлы қүры- 
лым ядроларын дәлдеп тітіркендіру арқылы үрейлену, ызалану, ра- 
хатгану эмоцияларын тудыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет