Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет84/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

изотермия деп  атайды.  Бұл  қасиет  эволюция  барысында  біртіндеп 
қалыптасқан. Изотермияның арқасында жеке мүшелер мен үлпалар 
сыртқы орта температурасының ауытқуларынан тәуелсіз қызмет атқ- 
арады. Изотермия тек филогенез ғана емес, онтогенез барысында да 
біртіндеп  пайда  болады.  Ж аңа  туған  бала  мен  жас  төлдердің  дене 
температурасын  бір  қалыпта  ұстау  қабілеті туғаннан  соң бірнеше 
күннен кейін қалыптасады.
Дене  қызуының қалыптан артық жоғарылауын  гипертермия,  ал 
төмендеуін - гипотермия деп атайды. Жылы қанды жануарлар денесінің 
температурасы  25°С-дан  томендесе,  немесе  43°С-дан  жогарыласа, 
тіршілік тоқтайды. Оның себебі томен температурада ферментгік про- 
цестер күрт баяуласа, жоғары температурада белоктың коллоидтық 
күйі өзгереді, денатурация процесі жүреді.
172- 
сурақ.  Д ен е  т емперат урасы ны ң  т урақт ы лы гы на  қарай 
ж ануарлар қалай ж іктеледі?
Изотермия нерв жүйесінің дамуымен байланысты  қалыптасқан 
қасиет, сондықтан төменгі сатыдағы жануарларда изотермия болмай- 
ды. Барлық омыртқасыз жануарларда, балықтарда, қос мекенділерде, 
бауырымен жорғалаушыларда дене температурасы түрақсыз жөне қор- 
шаған орта температурасына төуелді өзгеріп отырады. Осындай дене 
температурасының түрақты лы ғы н сақтай алмайтын жануарларды
164
саііқын қанды (пойкилотермиялы) жануарлар деп атайды (Poikilos - грек 
тілінде - түрлі,  therm - жылу деген мағына береді). Дене температура­
сын тұрақты деңгейде сақтайтын жануарларды жылы қанды (гомойо- 
термиялы) жануарлар дейді (homoios - бірдей).
Кейбір жануарлар жылдың бір  мезгілінде  гомойотермиялы орга­
низм төрізді, ал екінші бір мезгілінде пойкилотермиялы организмдер 
төрізді тіршілік етеді.  Мұндай жануарларды гетеротермиялы жану­
арлар дейді. Гетеротермия - эволюция процесінде гомойотермиядан 
кеш пайда болған қасиет деп есептеледі.  Бүл қасиет ортаның түрлі 
қолайсыз жағдайларына бейімделуде маңызды рөл атқарады. Қоректік 
затгар, су жетіспеген жағдайда, қоршаған орта температурасы төмен- 
деп суығанда мұндай организмдер ұйқыға кетеді де, қолайлы жағдай 
туғанда оянып, гомойотермиялы жануарлар сияқты тіршілік етеді.
Адам мен үй жануарларына гомойотермия төн. Қалыпты дене тем­
пературасы адамда - 36-37°С, жылқыда - 37,5-38,5, сиырда 38,0-39,5, 
қой-ешкіде -  38,5-40,0, итге - 37,5-39,0°С.
173-сурақ. Дене температурасы қалай реттеледі?
Дене температурасының тұрақтылығы тек жылу түзу жөне оны 
бөлу процестері тепе-тең болған жағдайда ғана сақталады. Бүл тепе- 
тендік арнаулы ф изиологиялы қ тетіктер  -  хим иялы қ жөне ф изи- 
калы қ  жылу  реттеу  механизм дері,—  арқы лы   реттелінеді.  Осы 
тетіктер  арқылы  денеде  түзілген  жылу  ш ығын  болған  жылудың 
орнын толтырып отырады.
Химиялық жылу реттеу, немесе жылу өндіру, организмдегі зат ал- 
масу процесін күшейту не бәсендету арқылы жүреді. Жылу қызмет 
өрекеті күпггі органдарда - ет ұлпасында, бауырда, мида,  бүйректе, 
ішкі  секреция  бездерінде,  жүрекге  -  көбірек  түзіледі.  Тыныш тық 
жағдайында организмде түзілетін жылудың 25 пайызы бүлш ы қ етге, 
20%  - бауырда,  13%  - мида,  11% жүректе,  7%  бүйректе,  5% теріде, 
ал  қалган  19%  басқа  мүшелерде  түзіледі.  Дене  жұмысы  кезінде 
жылудың  70-75%  бүлш ы қ  етте  түзіледі.  Дене  еттерінің  жөй  ш и- 
рығуының өзі жылу өндіруді  10 пайызға, ал қим ы л-қозғалы с  - 60- 
80 пайызға артгырады.
Жылудың түзілуіне қоршаған орта температурасы зор эсер етеді. 
Ол жогарыласа жылу түзу азаяды,  ал төмендесе  - артады.  Суық ауа 
әсерімен бүлшық етгер еріксіз жиырылып, дене дірілдей бастайды. 
Осыған байланысты бұлш ық еттердегі зат алмасу процесі күшейіп, 
жылу өндіру артады.
Қазіргі кезде жылу түзуде өкпенің маңызды рөл атқаратыны жай- 
лы пікірлер айтылуда. Өкпенің арнаулы торшалары — гистиоциттер, 
қан құрамынан сүзіп алған майлар осы жерде тотығып, ыдырайды.
165


Осының  нөтижесінде  түзілген  жылу  бір  жағынан  өкпеге  келген 
ауаны  жылытады,  екінш іден,  қан   арқылы  бүкіл  денеге  тарайды. 
С онды қтан  кейбір  зерттеушілер  өкпені  химиялық  жылу  реттеу 
тетігінің негізгі мүшесі,  ал  бүлш ы қ ет бүл  процесте тек қосымша 
қы змет атқарады деген пікір айтуда.
Сыртқы орта температурасының өзгеруіне байланысты денеден 
жылу бөлу процесі де өзгеріп отырады: ауа температурасы төмендесе 
жылудың сыртқа берілуі азайып,  ал ол жоғарыласа - көбейіп отыра­
ды.  Дене  жылуын  сыртқа  беруді  күшейтіп,  не  азайтып  отыратын 
физиологиялық процестер жиынтығын физикалық жылу реттву деп 
атайды.  Денеден  жылу  шығару  қарқы ны   тері  тамырларының,  тер 
бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет талшықтарыньщ күйіне, дененің 
кеңістіктегі жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Денеден жылу 
өткізу, конвекция, радиация (сөуле шашу) жөне булану сияқты фи- 
зикалық процестердің арқасында бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет