дер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар т о р т а қоры б о л ьт табыла-
ды да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге
айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотропоциттер жене
лактотропоциттер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торша
лар - тиреотропоциттер, кортикотропоцитгер, фолликулотропоциттер
жөне лютеотропоцитгер болып торт түрге бөлінеді. Гипофиздің ара-
лы қ бөлігінде меланотропоциттер орналасады. Ал, гипофиздің артқы
бөлігі питуициттер мен миелинсіз нерв талшықтарынан қүралады.
196-сурақ. Гипофиздің физиологиялық ролі қандай?
Гипофиз гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін,
денедегі
зат алмасуды - судың, минералды затгардың, көмірсулардың,
белоктардың, майлардың алмасуын, - реттейді. Ішкі секрециялық
бездер жүйесінде гипофиз ереюпе орьш алады. Ол басқа эндокриндік
бездер қызметін ретгеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп
есептейді (29-сурет).
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі: оларға мына-
лар жатады.
Соматотроптьіқ, немесе
өсу гормоны (СТГ), - организмнің бар-
л ы қ торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РН К мөлшерін
көбейтеді, көмірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады,
организмнің өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, каль
ций мен фосфор алмасуын ретгейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің
өсіп-дамуы тоқтап,
ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе - өсу
процесі шапшаңдап,
алыптық (,гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген
организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан
акромегалия
(кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе
спланхоме-
29-сурет
Г ипоталамус-гипофиз
ж үйесінің бейнесі.
1 -аденогипофиз,
2-нейрогипофиз,
3-аралық гипофиз,
4 - супраоптикалық ядро,
8-гипофиз артериялары,
9- капиллярлар торы,
10- қақпалық веналар,
11 -аденогипофиздік капиллярлық тор,
12-өкетуші веналар,
13-көру нервінің қиылысы.
186
галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің
аутқуларымен байланысты организм
кахексия (көт ерем) жөне
гипофиздік
май басу сияқты ауруларға да шалдығады.
Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шо-
ғырлы жөне торлы аймақтарына өсер етіп, глюкокортикоидтардың
түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлор-
дың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қыш-
қылдарының биосинтезін жандандырады, қандағы қанттың деңгейін
жоғарылатады. АКТГ - катаболизмдік өсері бар гормон. Ол организм-
нен азотгьщ бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасьпшң өтімділігін
төмендетеді, қабынуга қарсы өсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: