Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанш а серік бездің, ұйқы
безінің қызметін реттеуге де қатысады.
Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған
жіңішке табақша іспеттес құрылым. Ол
интермедии немесе
мелано-
форлық гормон бөледі, пигментгер алмасуын реттейді. Кейбір дерек
терге сәйкес интермедии көздің фоторецепциялық торшалары - таяқша-
лар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне
бейімделгіиггігін жақсартады.
Гипофиздің артқы бөлігі, немесе
нейрогипофиз, түрленген нейро
глия торшаларынан -
питуициттерден, құралады. Қазіргі деректер
ге сөйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың суп-
раоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де,
липопротеидтік секрет түйіршікгері түріңде гипоталамус-гипофиз жолы
арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-
секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қам-
тамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-
ған нейросекреттер окситоцин жөне вазопрессин гормоңдары түрінде
бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал оксито
цин - паравентикулярлық ядроларында түзіледі.
Вазопрессин зөрдің түзілуін азайтады - антидиурездік эсер етеді,
бүйрек түтікш елерінде алғаш қы зөр қүрамындағы судың қайта
сорылуын күшейтеді, калий, натрий жөне хлоридтердің кері соры-
луын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ)
деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капил-
лярлар арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады.
Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің
белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы етгерінің жиы-
рылуын күшейтеді. Бүл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі
миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүтгің бөлінуін
қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шөуеттік жолдың
бірыңғай салалы етгерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляцияны қам-
тамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: