16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз


Ақбота БАҚТЫҒАЛИЕВА, Аида АШИМОВА



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
 Ақбота БАҚТЫҒАЛИЕВА, Аида АШИМОВА

 «Сәулет» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары

Тасқала ауданы 

Гү

Көне шаһарға 



саяхат

Астана – Қазақстан Республикасының 

елордасы.  Кең  де,  жазық  далаға 

орналасқан  қаланың  ескі  атауы  Ақмола 

болған  деседі.  Қала  шағын,  әрі  тыныш 

болатын.  Ол  1997  жылы  Қазақстанның 

астанасы болып белгіленіп, ал 1998 жылы 

Астана деген атау берілді. Мұнда көптеген 

ғимараттар салынып, жаңа көшелер, даңғылдар пайда болды. Көптеген ықшам аудандар, жаңа Мәдениет сарайы, опера және балет 

театры, әуежай бой көтерді. 

Астанада Үкімет үйі, Парламент сарайы, Еуразия университеті және басқа да көптеген білім мен мәдениет ошақтары бар. Астана  

әлемнің әйгілі қалаларындай үлкен, сәнді қалаға айналды. Мұнда 80-нен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мектептер мен 

институттарда  оқушылар  мен  студенттер  білім  алуда.  Қала  ортасынан  Есіл  өзені  ағып  өтеді.  Оның  жағасын  көркем  сая  жолдар 

безендіріп тұрады. Қала тұрғындары және қонақтары оның әсемдігін тамашалап, серуендейді. 

Астанада Парламент мүшелері бүкіл еліміз басшылыққа алатын заңдарды талқылап, қабылдайды. Үкімет үйінде министрлер 

еліміздің тыныс-тіршілігін реттеп отырады. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін зауыттар мен фабрикалардың, оқу және мәдениет 

мекемелерінің, сауда орындарының жұмысын қалай жақсы жолға қою жайын ойластырады.  Елордамызда үш жүздің билері Төле би, 

Қазыбек би және Әйтеке биге арнап қойылған ескерткіштер бар. 

Еліміздің ордасы бас қаламыз күннен күнге көркіне көз тоймайтындай ертегідегідей әсем қалаға айналуда. «Астана – болашақтың 

қаласы!» деп бекер айтпаса керек. Астанаға барша әлем тамсануда! Елордамыздың туған күні жыл сайын салтанатты түрде бүкіл 

халық болып тойлануда. Мен осындай егемен елімнің ұрпағы болып, елімнің келешегіне өз үлесін қосар азаматы екендігімді, сонымен 

қатар еліміздің астанасын да мақтан етемін! Көркейе бер, Астанам!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет