65
баласын беруі тиіс;
- немесе егер ол оның атын, жасын таппаса, өзін табыстайды.
3)
Көмекші жеңіледі:
- бойжеткен кездейсоқ оның атын, жасын тауып қояды;
- көмекшінің аты мен жасы дауыстап айтылады да, ол жоқ болып
кетеді.
Зерттеуші Б.Кеберлитенің пікіріне сүйенетін болсақ, элементарлық
сюжеттерді айқындап, әрі қарайғы талдау жүргізудің ассоциациялық
сұлбасын жасауға әбден болады [107]. Сонымен, ертегінің басты кейіпкері
жас бойжеткен қыз ханға тұрмысқа шыққысы келеді. Яғни оның басты
мақсаты – өзінен әлде қайда жоғары мәртебесі бар адамға тұрмысқа шығу
арқылы өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Аталған
мақсат негізінде – қоғамдағы немесе отбасындағы жоғары не тең құқылы
жағдайға жету ниеті атты элементарлық сюжетті атап көрсете аламыз.
Ертегі басты кейіпкерлерінің қызметтерін біле тұра, терең
құрылымының жоспарын құрайтын фрейм мен сценарийлерді ажыратып
көрсетуге болады. Мәселен, үстіңгі құрылымының элементарлық сюжетін
терең құрылымның 1 қызметі «бастапқы жағдаят» фреймі ашады. Ол
мынадай екі слот арқылы айқындалады: «
а woman» және «
five pies»; «
Well,
once upon a time there were a woman, and she baked five pies». Әрі қарай
бірінші сюжет 2 қызметпен жалғасады. Ол «тыйым салу» сценарийіне
сәйкес келіп, анасының өтінішін білдіреді: «
Soo says she, her darter.
«Maw’s,» says she. «put you them there pies on the shelf an’ leave:cm '.here a
little, an' they’ll soon come agin». Басты іс-әрекет етуші кейіпкерлер- анасы
мен қызы. Анасының мақсаты бәліштерді дайындап, піскенін күту.
В.Я.Пропптың пікірінше: «Кейде тыйым салудың әлсіз формасын
байқауға болады. Ол өтініш немесе кеңес түрінде көрініс табады: анасы
баласына аң аулауға бармауын жалынып- жалбарынып өтінеді «сен әлі
кішкентайсың...» т.б. [106, 62 б.]. Бұл ретте, метафораға негізделген сөз
құбылтудың ерекше түрін байқауға болады: «
gal set 'um on the shell', and
says she», «
Lork! If they pies'll come agin, I'll ate ’um all now», «
Soo she set to
work and eat 'um all, first and last, that she did».
Сценарийде бір ғана іс-әрекет етуші кейіпкер -
the gal. Анасының
сөздерін дұрыс түсінбеген қыз бір ғана мақсатты меңзейді – бәліштерді жеп
қою. Әрі қарай ертегі желісін «алдау» сценарийі жалғастырады. Бұл
сценарийге анасы мен хан қатысады. Ананың мақсаты – алдау арқылы
қызын керемет етіп көрсету:
«
Well, the woman she were wholly bate, an' she took her spinnin' to the
door to spin, and as she spun she sang,
Достарыңызбен бөлісу: