54
Қазіргі таңда қалыптасқан қағида бойынша, мәдениетте, сондай-ақ
әрбір халықтың тілінде әмбебеп (жалпы адамзаттық) және ұлттық-ерекше
сипаты болады. Сонымен бірге әрбір мәдениетте өзіне ғана тән тілде,
моральдық нормаларда, мінез-құлық ерекшеліктерінде, наным-сенімдерінде
тіркелген мәдени мағыналары бар. Сол себепті де түрлі мәдениеттерде тілдік
бірліктер арқылы менталдылық қалайша берілетінін зерттеу аса өзекті
мәселелердің бірі болып саналады.
Ғаламның тілдік бейнесін дайын (тіркелген) тілдік формалар арқылы
айқындалатын мән-мағыналар құрайды. Және осы мән-мағыналар ғаламның
тілдік бейнесінің негізі болып, жалпы ғаламның концептуалды бейнесін
ұғымдар, бағалау, көріністер, суреттер, бейнелер – концептілер арқылы
толықтырып отырады. Концептілер адамның заттық және танымдық қызметі
барысында да, сонымен қатар ауызша, жазбаша мәтіндер, түрлі сөйлеу
туындылары түрінде де ,басқа адамдар ұсынған ғалам сипаттамалары арқылы
да қалыптасады. Біздің жұмысымызда «концепт» деп оперативтік жадтың
түрлі субстартты бірліктері, яғни көріністер, бейнелер, ұғымдар түсініледі.
Осындай концептілер жиынтығы «ғаламның концептуалды бейнесі» деп
аталатын біртұтас жүйеге біріктіріліп отырады.
Концепт дегеніміз – идеалды сипаттағы белгілі бір материалдық негіз:
жоғарғы деңгейдегі абстракция мен жинақталып қорытындылаудың маңызды
дәрежесі. Басқаша айтқанда, концепт – белгілі бір маңыздың менталды
репрезентациясы. Ол сол маңызға қатысты көптеген білімдердің,
ассоциациялар мен көріністердің менталды теориясы. Осымен байланысты,
концептілер мифологиядан туындаған ғаламның фольклорлық бейнесінің
негізін де құрайды. Мифпен өзара тығыз байланысты фольклордың жанры –
халық ертегі екені жан-жақты қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: