Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет48/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
disser

ЛЕКСИКАЛЫҚ АМАЛ-ТӘСІЛДЕР 
Бұрынғы  өткен  заманда;  бір  күндерде;  сол 
уақытта; бірсыпыра уақыт; тоғыз ай, тоғыз 
күн  болғанда;  күндерде  бір  күн;
 
сағат  сайын 
емес,  минут  сайын;  түн  қатып  жүріп;  көзді 
ашып-жұмғанша  қуып  жетіп;  күн  жүреді, 
түн  жүреді,  ай  жүреді,  апта  жүреді; 
ертеңіне  таңсәріден;  бұдан  бірнеше  жыл 
бұрын т.б. 
СТИЛИСТИКАЛЫҚ 
АМАЛ-ТӘСІЛ 
Негізінен  қайталаулар: 
 
Кешеден 
бері күн батқан кезде алты аққу төбемнен 
айналып ұшады да: 
Кендебай сал мұнда ма? 
Керқұла аты қолда ма? 
Бауда нұры балқи ма? 
Балақ жүні шалқи ма? - 
деп сұрайды. Мен тұрып: 
Кендебай сал мен едім, 
Керқұла атым қолда еді. 
Бауда нұрым балқиды, 
Балақ  жүнім  шалқиды,  -  деп  жауап 
беремін.  Олар  мені  қанаттарымен  қағып, 
жығып  кетеді.  Мен  талып  түсем,  -  деп 
жауап  береді.  Үшінші  күні  қозышы 
баланың  киімін  киіп,  қозыны  бағуға 
Кендебай  өзі  шығады.  Күн  батып,  қас 
қарайған 
кезде 
баяғы 
алты 
аққу 
Кендебайдың  төбесінен  алты  айналып 
ұшып, жақындап келеді де: 
Кендебай сал мұнда ма? 
Керқұла аты қолда ма? 
Бауда нұры балқи ма? 
Балақ жүні шалқи ма? - деп сұрайды. 
Керқүла  атты  Кендебай  қозышы  бала 
болып: 
Бауда нұрым балқиды, 
Балақ жүнім шалқиды, - деп жауап береді.
 
УАҚЫТ КОНЦЕПТІСІ 


 
78 
 
 
 
 
Сурет 5 - «Ертегі уақыты» 
концептісінің тілдік құрылымы 
Осымен байланысты халық қиял-ғажайып ертегілерінің дискурсы үнемі 
эсхатологияны  тоқтатып,  өлімге  жол  бермеуге  тырысады.  Мысалы,  «Ер 
Төстік»  ертегісінде:  «Сол  кезде  Шалқұйрыққа  тіл  бітеді:  -  Біз  енді  жер 
астына  түстік,  бізге  бұдан  былай  жер  астының  елі  жолығады.  Біраз 
жүрген  соң,  жылан  Бапы  ханның  ордасына  келеміз.  Жылан  Бапы  ханның 
ордасына  келгенімізде,  мені  алысқа  қойып,  өзің  ордаға  кіресің.  Ордаға 
кіргеніңде,  есіңде  болсын,  үйге  кіргеніңде,  екі  босағадан  екі  қара  шұбар 
жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, жылан Бапы ханның 
есігін  күзеткен  құлдары.  Төр  алдына  бара  бергеніңде,  екі  сұр  жылан 
ысылдап  келеді  де,  екеуі    екі  жеңіңнен  кіреді,  қойныңнан  шығады,  қойныңа 
кіреді,  қонышыңнан  шығады.  Бұлар  жылан  Бапы  ханның  ұлы  мен  қызы 
болады. Төрге отыра бергеніңде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, 
одан да сескенбе. Бұлар – жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. Егерде бұлардан 
сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер  асты еліне қадіріміз болмайды, жер  
үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз, – дейді». 
 
Бұл  ретте  жер  астына  түскен  басты  кейіпкер  жер  үстіне  қайта 
шығатынына  сенімді  болғысы  келеді.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ағылшын 
халқының  қиял-ғажайып  ертегілерінің  дискурсында  қазақ  ертегілеріне 
қарағанда бейнелі және көркем құралдар көп қолданыла бермейді. Басты 
кейіпкер «о дүниеге» тап болған жағдайда үнемі сыпайы, байсалды болып 
келеді: «Good morning, mum», says Jack, quite polite-lскурсыike. «Could you 
he so kind as to give me some breakfast?». For he hadn't had anything to eat, 
you  know,  the  night  before  and  was  as  hungry  as  a  hunter».  Кей  жайғдайда 
ол тұрақты дуа тіркестерін қолданады: «Pray, hedge, let me come through». 
Алайда,  бұл  қиял-ғажайып  ертегінің  тұрақты  орамдары  емес,  магиялық 
дуалаудың өзгермелі нұсқасы болып саналады.   
Ертегі  дискурсы  –  негізін  уақыт  категориясы  құрайтын  «идеалды 
ақиқат 
болмыс» 
болып 
табылады. 
Жұмысымыздың 
алдыңғы 
тараушасында  біз  қиял-ғажайып  ертегісінің  дискурсын  синхрония  мен 
диахронияда  дамып  отыратын  терең  құрылым  жоспарларының  және 
үстіңгі  құрылымның  элементарлық  сюжеттерінің  жиынтығы  ретінде 
анықтаған  болатынбыз.  Бірақ  мұндай  анықтамаға  кез  келген  көркем 
шығарма  сәйкес  келетіні  белгілі.  Дегенмен,  қиял-ғажайып  ертегілерінің 
басты ерекшелігі – ертегі дискурсының негізін ерекше категория – ертегі 
уақыты  құрайтынында  болып  келеді.  Басқа  көркем  шығармаларға 
қарағанда ертегі мынадай белгілермен сипатталады: 
-  қызықты    оқиғалар  сан    түрлі  болуы  мүмкін,  бірақ  олар  үнемі 
бірыңғай  болып  келеді;  олар  белгілі  бір  өте  қатаң  заңдылықтарға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет