бақылап отырған кісіге кездеседі. Жөн сұрасып, жолдас болып, үшеуі де
жолға шығады».
Ертегі кейіпкерлерінің жоспарды қалыптастыратын нақты мақсаты бар:
«Үйге кіріп қараса, бір үйде дәу, екінші үйде үш қыз ұйықтап жатыр екен.
Олар қыздар жатқан үйге кіріп: - Кім бар? – деп сұрайды. Қыздардың кішісі
оянып: - Қайдан келе жатырсыңдар? Бұл арадан тез кетіңдер. Келесі үйде
73
дәу жатыр. Оянып кетсе, біріңді қалдырмай өлтіреді, – деп сыбырлай
жауап береді. Дәудің тұтқынындағы осы қыздар көршілес бір елде тұратын
саудагердің қыздары екен. Олардың үшеуі де сұлу, ақылды болыпты.
Қыздарды, құлындарды босатпақ болған үш батыр алдыңғы үйге кіріп, дәуді
өздері оятады. Алпыс күн алысып жатып, ақыры оны өлтіреді. Осылай
дәуді жеңген үш батыр үш қызды алып, құлындарды айдап, үйлеріне
қайтпақ болады. Жол-жөнекей екі жолдасы Құрмергенмен қоштасып,
елдерінде қалады. Құрмерген құлындарды айдап, қыздардың кішісін ілестіріп
ауылына жетеді».
Бұл сценарий басқа да үш жоспар түйіскен нүктеде болып, ертегі
дискурсын біртұтас жүйеге біріктіреді: « Ауылында қалған Құрмергеннің тек
кірпігі қимылдап жатады. Осы кезде тыңшы досы жерге жатып, тың
тыңдайды. Жолдасының жансыз болып жатқанын біліп, құтқармақ
болады. Ол баяғы су бойындағы жолдасына келіп, оны да ертіп шығады.
Екеуі Құрмерген батырдың аулына келеді. Ауылдан сәл сыртқары жерде
қарайып тұрған бірдемені байқайды. Жақындап барса, бұл достарының қу
сүйегін желпіп тұрған Құрмергеннің аты екен. Екеуінің олардың қастарына
келгені сол еді, батырдың аты өліп қалады. Ал Құрмерген кірпігін қағып қана
жатыр. Енді суды бақылайтын жолдасы жеті дарияны ұртымен көре
бастайды. Қарап отырып, Құрмергеннің қылышын тауып алады. Қылышын
алып, қолына ұстатқанда, Құрмерген орнынан ұшып тұрады. Баяғы күш-
жігері қайта оралады». Сонымен, кейіпкерлердің негізгі мақсаттарын
айқындау арқылы жоспарлар мен элементарлық сюжеттерді нақты ажыратып
көрсетуге болады.
Ертегі кейіпкерлерінің мүмкін болатын ғаламдарын ажыратып көрсету-
терең құрылымдарды жете талдаудың және фрейм мен сценарийлердің
мәдени маркерлерін айқындаудың басты қажетті шарты болып саналады.
Алайда, психология тұрғысынан, әсіресе ұжымдық санадан тыс теориясы
бойынша бір нысан кем дегенде үш негізде, рөлде көрініс табады. Бірақ бір
өзі ғана парллель ғаламдардан өтіп, біртұтас ғаламдық желіні сақтайды.
К.Г.Юнг пікірі бойынша, Геката құдайы Зевспен үш реттік байланыспен
сипатталады: анасы (Рея), әйелі (Деметра), қызы (Персефола). Бұл дәл
христиан дініндегі ерлердің Қасиетті үштігіне (троица) сәйкес келеді [116].
Ертегі кейіпкерлері де бірнеше персонаждарды жиі біріктіреді.
Мәселен, « The old witch» ертегісінде бірдей жағдаятқа тап болған екі қыз
қарама-қарсы іс-әрекет жасайды. Нәтижесінде біреуі сынақтан аман-есен
өтіп, сыйлық алса, екіншісін мыстан кемпір жеп қояды: « So the baker said,
«Look in the oven». The old witch went to look, and the oven said, «Get in and
look in the furthest comer. The witch did so, and when she was inside the oven shut
her door, and the witch was kept there for a very long time. The girl then went off
again, and reached her home with her money bags, married a rich man, and lived
happy ever afterwards. So: he old witch went after her and caught her; she took all
the money away from her, beat her, and sent her off home just as she was».
74
Немесе қазақ және ағылшын фольклорларына ортақ келетін үш
ағайынды, біреудің үш қызы: «Дәудің тұтқынындағы осы қыздар көршілес
бір елде тұратын саудагердің қыздары екен. Олардың үшеуі де сұлу, ақылды
болыпты». Осы тұрғыдан келгенде, ертегі жеке тұлғаны жекелген
қырларынан да сипаттап көрсетеді деп тұжырымдауға болады және ертегі
дискурсына түскен адам ертегі ұсынған сценарийлердің ішінен өзіне
қажеттісін таңдап алады, себебі: «көркем шығарма өмірдің символдық
репрезентациясының бір көрінісі» [117]. Ал Р.Шенк: «Адамдар қарапайым
тілдесім барысында да алдын ала дайын сценарийлерді қолданады», - деген
қорытынды жасайды [118]. Мұндай жағдайда оқырман өзі таңдау жасайды,
жастық шағында меңгерген қандай сценарийді таңдап, оны қай жерде және
қалай қолданады.
Бұл ретте, дәл осы халық қиял-ғажайып ертегілерінің терең
құрылымдарынан меңгерілген фреймдер мен сценарийлер кез келген
адамның өмірлік тәжірибесінің ажыратылмас бір бөлігін құрайды.
С.Н.Плотникова: «Көркем дүние ақиқат болмыс әлемінің негізінде жасалады
да және оның жалғасы іспеттес болып келеді. Нақты тәжірибе ойдан
шығарылған тәжірибе ішіне кірігіп кетеді. Ол ақиқат дүние құрылымының
тираждалып кету факторы секілді. Ақиқат тәжірибеден ауытқу оның
үздіксіздіктегі жалғасуы, атап айтқанда, ауытқу тәжірибе құрылымы нақты
тәжірибе құрылымына негізделіп, сол құрылымды әрі қарай дамытады.
Мысалы, нақты тәжірибе: арбаны сүйретіп келе жатқан аттар →ойдан
шығарылған тәжірибе: өзінен- өзі жылжып келе жатқан арба т.с.с. Сондықтан
да ойдан шығарылған тәжірибе нақты тәжірибе құрылымын дамытады және
тек осы жолмен ғана пайда болады» [119].
Біздің ойымызша, дәл осы халық қиял-ғажайып ертегілер тілі белгілі
бір мәдениетке тән келетін аялық білімдер кодталатын орны, қоймасы болып
табылады. Тіл ақиқат шындықты құрылымдап, ақиқат дүниені де, ақиқат
шындықтан тыс дүниені ді айқындап көрсетеді. Сол себепті де үстіңгі және
терең құрылымдардан тұратын халық қиял-ғажайып ертегілерінің дискурсы –
сұрақтар қойып, оған фреймдер, сценарийлер мен жоспарлар жиынтығы
ретінде жауап ұсынатын мүмкін болатын ғалам. Бұл өз кезегінде бала
дамуына үлкен әсерін тигізеді. Фольклорлық мұраның арқасында балалар
негізгі өмірлік сценарийлермен танысып, тәжірибе жинақтайды. Сондықтан
да ертегіде кейіпкерлер барлық жағынан не жағымды болады немесе тым
жағымсыз, зұлым болып келеді. Бірақ бұған қарамастан, ертегі кешірімділік
пен мейірімділікке толы дүние, ол адамның сенімін жоғалтпайды –
жамандықтың жақсылыққа айналуына жол береді.
Ертегі дискурсы мүмкін болатын ғаламды құрылымдап, түрлі-түрлі
өмір жағдаяттарын сипаттап, қиын міндеттер шешімінің бірнеше нұсқасын
ұсынады. Ертегі кейіпкерлері үнемі таңдау жолында болып, содан кейін не
сыйлық пен жақсылыққа кенеледі немесе жазаға ұшырап, сазайын тартады.
Сонымен ,халық қиял-ғажайып ертегілері қоршаған ортаның танып түсінудің
алғашқы сатысы болып саналады. Жас оқырмандар бір жағынан, жақсылық
75
пен жамандықты ажыратып үйренсе, екінші бір қырынан, негізгі мәдени
құндылықтардың қыр-сырын меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |