Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


    Қиял-ғажайып  ертегілері  дискурсындағы  уақыт  пен  кеңістік



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
disser

 
2.3    Қиял-ғажайып  ертегілері  дискурсындағы  уақыт  пен  кеңістік 
концептілері 
Уақыт  пен  кеңістік  концептілері  үстіңгі  және  терең  құрылымдарды 
өзара байланыстыру қызметін атқарады, ал ондағы сандар мен атаулар бүкіл 
жүйеге  таралып,  оны  бір-  бірімен  біріктіреді:  «Біз  іс-әрекеттерді  тек 
уақытпен  өлшемейміз,  сонымен  қатар  уақытты  да  іс-әрекеттер  арқылы 
айқындаймыз. Себебі, олар бірін-бірі анықтайтын категориялар: уақыт оның 
саны  болғандықтан,  іс-әрекетті  айқындайды,  ал  іс-әрекет  -  уақытты»  [120]. 
Яғни  іс-әрекет  –  даму  дегенді  білдіреді,  ал  даму  дегеніміз  –  алға  қарай 
жылжу болып табылады.   
Егер де уақыт категориясын феноменология тұрғысынан қарастыратын 
болсақ,  онда  аталған  концепцияға  сәйкес  уақыт  «сана  ағыны» 
метафорасының  мазмұны  ретінде  беріледі.  Яғни  кезеңдердің  ретті  ауысып 
тұруы.  Уақыттың  әрбір  қабылдау  кезеңінің  өз  формасы  болады.  Ол  уақыт 
мазмұнының барлығын қамтиды. Ал бір кезеңнен екінші кезеңге дейін уақыт 
формасының  мазмұны  өзгеріп  отырады,  бірақ  уақытты  қабылдау  формасы 
сол қалпы өзгеріссіз қалады.  
Ғалым  Э.Гуссерль  уақыт  ұғымын  ақиқат  болмысты  қабылдаудың 
айқындылық 
сипатымен 
байланыстырады. 
Айқындылық 
– 
затты 
қабылдаудың «үзілмес біртұтастылығы», яғни бастапқы мәлімет іспеттес. Ал 
айқындылық  мазмұны  бұл  «сана  біртұтастылығы»  [121.].    Сонымен, 
феноменология уақытты ақиқат болмыс «бөлшектерінің» жиынтығы ретінде 
қарастырады.  Герменевтикада  уақыт  факторы  адамның  тарихы  тұрғысынан 
қарастырылады.  Мысалы,  М.Хайдеггер  үш  уақыттық  детерминациясын 
ұсынып,  олардың  мағынасын  төмендегідей  түсіндіреді:  болашақ  –  ұмтылу, 
осы  шақ  –  қазіргі  болмыс,  өткеніміз    -  дерекке  қайта  оралып,  жағдаятты 
қабылдау. Өткен шақ пен болашақ арасында – қазіргі уақытпен байланысты 
машақат [122].   
Сонымен, кез келген ертегінің, әсіресе қиял-ғажайып түрінің мазмұнын 
терең  түсіну  үшін  сол  мәдени  ғаламның  концептуалдануы    қандай  тәсіл 
арқылы жүзеге асырылып отырғанын ескеру қажет: сөздің сыртқы астарында 
не жатқанын, мәтін жасалуы барысында тілдің мән-мағыналық жағы қалайша 
ұйымдастырылғанын  айқындау  басты  мақсат  болып  саналады.    Ертегі 
мәтіндерінің  концептілері  сюжеттік,  уақыттық,  кеңістіктік  тұрғыдан  көрініс 
табады  және  тілдік  материалды  когнитивтік  аспектіде  талдау  арқылы 
ғаламның тілдік бейнесі концептуалдануының ұлттық ерекшелігін анықтауға 
болады.   
Ғалымдардың  басым  көпшілігінің  пікірінше,  ертегілерде  екі  полюс 
қарым-қатынаста  болады:  ертегінің  концептуалды  ғалам  бейнесі  дуалистік 
сипатта  дамиды.  Онда  екі  бірдей  полюс  орын  алады:  біріншісі, 
фантастикалық  –  кеңістіктік-уақыттық  заңдылықтарымен  айқындалатын 


 
76 
 
«шығармашылық,  жасампаздық  уақыты»,  яғни  нысандардың  уақыт  пен 
кеңістіктегі 
барлық 
мүмкін 
бола 
алатын 
трансформацияларымен 
сипатталатын  ғалам  ашықтығы;  екіншісі,  стихиялық-реалистік  деп  аталады, 
шынайы,  ақиқат  өмірмен  сабақтастығы.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  ертегідегі 
уақыт  концептісінің  концептуалды  және  тілдік  құрылымын  төмендегідей 
беруге болады (сурет 4) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 4  - «Ертегі уақытының» концептуалды құрылымы 
 
 
 
 
 
 
УАҚЫТ КОНЦЕПТІСІ 
ӨМІР//ӨЛІМ 
ҰЗАҚТЫҚ 
Үздіктілік/Үздіксіздік 
Шектілік/Шексіздік 
Тұйықтық/Ашықтық 


 
77 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет