Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


ғ а л а м  сце нари й  п а р а л л е л ь



Pdf көрінісі
бет45/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
disser

ғ а л а м 
сце
нари
й 
п а р а л л е л ь 
К е й і п к е р л е р д і ң 
Э л е м е н т а р л ы қ 
мен
   фр
ей
м
де
р 
с ю ж е т т е р мен қ ы з м е т т е р 
дары 


 
72 
 
ғаламдарды  қалыптастырады.  «Мүмкін  болатын  ғаламдар»  анықтамасында 
біз  ғалым  В.В.Целищевтің  көзқарасын  басшылыққа  аламыз:  «Мүмкін  бола 
алатын ғаламдар іс-әрекеттердің мүмкін болатын ахуалы немесе оқиғалардың 
мүмкін  бола  алатын  барысы  ретінде  интерпретацияланады»  [112].  Қазіргі 
таңда  бұл  идея  Д.Льюис,  Я.Хинтикко,  А.П.Бабушкин,  С.Н.Плотникова,  т.б. 
ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттеліп жатқаны белгілі.  
Л.Г.Викулова  ертегі  әдеби  дискурсын  коммуникациядағы  ерекше 
өлшем ретінде қарастырады [113.]. Ал, Г.Н.Кастанеда: «Әңгіме немесе басқа 
да  көркем  шығарманы  құраушы  пропозициялар  мүмкін  болатын  ғаламды 
немесе  оның  бір  үзіндісін  айқындайды»,  -  деп  көрсетеді  [114.]. 
В.В.Красныхтың  пікірінше:  «Көркем  әдебиет  ғаламы  –  «екінші  ақиқат 
болмыс» немесе шынай болмыстың бір бөлігі болып  табылатын «виртуалды 
болмыс»  [115.].  Біздің  талдауымыз  бойынша,  кейіпкерлердің  параллель 
ғаламдары жеке элементарлық сюжет болып қарастырылады: бір кейіпкердің 
бір  мақсатқа  қол  жеткізуі  –  белгілі  бір  маркер,  жеке  тұлғаны  ерекше  етіп 
көрсетуші  қызмет  және  сол  арқылы  параллель  ғаламдар  көмегімен  ертегі 
кейіпкерлерінің дамуын айқындауға болады.  
Сонымен,  үстіңгі  құрылымдар  негізінде  және  терең  құрылымдар 
жоспарында болатын мақсат  – ғаламдық сызық болып саналады да және ол 
ертегі  кейіпкерлерін  параллель  ғаламдар  арқылы  анықтап  отыруға  септігін 
тигізеді.  Себебі,  бұл  ғаламдар  бірнеше  сценарийлерде  түйісіп  жатады.  Ең 
бастысы,  жұп  сценарийлерде  әрбір  тұлғаның  өзінің  кіші  мақсаты  болады. 
Алайда  бұл  кіші  мақсаттарда  бір  басты  мақсаттың  жүзеге  асуына 
бағытталады. 
Мысалы,  «Үш  батыр»  ертегісіндегі  «өмір  сүру  үшін  қажетті 
заттарды  немесе  жағдай  жасаушы  нысандарды  іздеп  табу»  жоспардың 
басты  кейіпкері  Құрмерген  батыр,  ал  жоспардың  өзінде  «зиян  келтіру» 
қызметі орын алады: «Оның әкесі кедей адам болыпты. Мал дегенде жалғыз 
биесі  бар  екен.  Бүкіл  елінің  қарағаны  да  осы  бие  көрінеді.  Биенің  туған 
құлынын жылда бір дәу көтеріп әкетеді екен. Жалғыз  Құрмергеннен басқа 
ешкім  оны  іздеп  шыққылары  келмейді».  Терең  құрылым  деңгейінде  бұл 
қызмет  үш  қатысушысы  бар  сценарийге  сәйкес  келеді:  үш  батырдың 
әрқайсысы ертегінің өз алдына бөлек кейіпкері болып табылады: 1) біріншісі 
Құрмерген  батырдың  өзі;  2)  «Жолда  құлағын  жерге  төсеп  жатқан  кісіні 
кездестіреді.  -  Е,  жол  болсын!  -  Жолдау  өзіңізден  болсын!  –  деп  жөн 
сұрасып,  аты-жөнін  айтады.  -  Мен  жеті  қабат  жер  астындағы  нәрсенің 
бәрін  тыңдап  білемін,  –  дейді  тыңшы»;  3)  «Біраз  уақыт  жүргеннен  кейін, 
олар бір су мен екінші судың арасында отырып, ішінде не бар, не жоғын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет