Жуықтап есептеу және дөңгелектеу ережелері Әрбірлабораториялық жұмысты орындау барысында бірнеше шаманы әртүрлі
дәлдікпен өлшеуге тура келеді. Сол өлшеулердің әрқайсысы басқалардың дәлдігіне әсерін
тигізуі мүмкін.Сондықтан жұмыстың басында дәлдігі төмендеу шамаларды өлшеуге
айрықша көңіл бөле отырып, барлық приборлардың дәлдік шегін анықтап алу қажет. Егер
бір формулаға енетін бірнеше шаманың әрқайсысы әртүрлі дәлдікпен өлшенген болса, онда
соңғы нәтиженің қателігін тапқанда ең төменгі дәлдікпен өлшейтін прибордың дәлдігінен
көп асудың қажеті шамалы.
Есептеу дәлдігі өлшеу дәлдігіне сәйкес болуы тиіс. Есептеу дәлдігі өлшеу дәлдігінен
әлдеқайда көп болып жатса, оны жұмыстың артықшылдығы емес , кемшілігі деп санау керек.
Сондықтан есептеу мәліметтерін дөңгелектеп жаза білу керек. Ал өлшеу мәліметтерін
формулаға қоярдан бұрын дөңгелектеген дұрыс. Бірнеше орыннан тұратын жуық санды дөңгелектегенде соңында тұрған 0-ден 4-ке
дейінгі сандарды алып тастайды, ал 5-тен 9-ға дейінгі сандар болатын болса,оларды алып
тастап, алдында тұрған санды 1-ге ұлғайтады. Мысалы, а=21,314≈21,31; =3.141593≈3.1416
немесе =3,141593≈3,14.
Физикалық шаманың мәнін көрсететін санның қалай жазылғанына қарап, оның дәлдік
дәрежесі туралы мағлұмат алуға болады. Шындығында, егер жазылған санның барлық мәнді
цифрлары ақиқат болатын болса, онда осы санның ең соңында орналасқан цифрдың
орнының бағасы өлшеу немесе есептеу дәлдігінің жобасын береді. Мысалы, 5,02100 с деп
берілген уақытты өлшеу дәлдігін 1 мкс деп бағалауға болады.
Енді «мәнді цифрларға» тоқталайық. Мәнді цифрларға санның алдында (сол жағында)
тұрған барлық нөлдерден кейін орналасқан цифрлар, оның ішінде, нөлден айрықша
цифрлардың арасында және оң жағында тұрған барлық цифрлар жатады. Мысалы, 0,00025
санында екі мәнді (2 және 5) цифрлар, 1000 санында төрт мәнді цифрлар, 12,002 санында бес
мәнді цифрлар, 2,300 санында төрт мәнді цифрлар бар. Өлшеу мәліметтерін өңдеу
барысында бірнеше есептеулер жүргізіп, соңғы мәліметті жуықтап жазуға тура келген
жағдайда , тәжірибе барысында анықталатын шамалардың дәлдігіне қарағанда мәнді
цифрдың біреуін жазған дұрыс.