Физикалық практикум



Pdf көрінісі
бет6/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
annotation88215

         Прибор қателіктері  
          Өлшеуге  арналған  қандай  прибор  болмасын  белгілі  бір  дәлдікпен  ғана  өлшей  алады. 
Өндірістік  мақсатта  шығарылатын  электр  өлшегіш  приборлардың  (амперметрлер, 
вольтметрлер,  потенциометрлер  т.б.)  жүйелік  қателіктері  олардың  дәлдік  класымен 
анықталады.  Дәлдік  класы  әдетте  процентпен  беріледі.  Мысалы,  дәлдік  класы  0,2%  ке  тең 
амперметр токтың мәнін толық шкалаға сәйкес 0,2 % тен аспайтын дәлдікпен өлшейді. Бұл 
қателік  шкаланың  кез  келген  жері  үшін  тұрақты.  Әрине  бұл  максимал  қателік.  Ал  ғылыми 
еңбектерге орташа квадраттық қателікті көрсету қалыптасқан. Себебі, көптеген өлшеулердің 
ішінде  бір  –  екі  өлшеу  қателігі  басқаларынан  артық(максимал  болуы  мүмкін).  Оны  барлық 
өлшекулердің  қателігі  ретінде  көрсетуге,  әрине,  болмайды.  Электр  өшегіш  приборлардың 



 
орташа  квадраттық  қателігін  бағалау  үшін  сол  прибордың  дәлдік  класы  беретін  қателікті 
екіге бөлу қажет.  
               Жоғарыда  айтқандай,  электр  өлшегіш  прибордың  дәлдік  класы  прибордың 
стрелкасының шкаланың қай жерде тұрғанына қатыссыз максимал абсолют қателігін береді. 
Ал салыстырмалы қателік шкаладағы стрелканың орнына тікелей тәуелді, себебі, ол абсолют 
қателіктің  стрелканың  көрсету  мәніне  қатынасын  білдіреді.  Сондықтан  өлшегенде,  қандай 
прибор  болмасын,  шкаланың  екінші  жартысымен  жұмыс  істеген  дұрыс.  Стрелканың  
көрсетуін  көзбен  көрудің  де  мәні  бар.  Әртүрлі  бұрышпен  қараса  стрелка  әр  түрлі  цифр 
көрсетеді.  Прибордың  көрсеткішін  жазғанда,  шкала  жазықтығына  перпендикуляр  қарап, 
стрелка өз көлеңкесін жауып тұратындай жағдайда бақылау керек. 
              Әдістемелік қателіктер. 
               Мұндай  қателіктерге,  біріншіден,  тәжірибе  әдістемесінің  қателіктері  жатады. 
Мысалы,  айталық,  механика  лабораториясындағы  №3  жұмыста  дискінің  инерция  моментін 
динамикалық әдіспен табуда валдың үйкеліс күшін ескермеу, №6 жұмыста идеал сұйық үшін 
қорытылып шығарылған Бернулли теңдеуін нақты сұйықен тексеру т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет