Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет4/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
СӨЗ БАСЫ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


4
СӨЗ БАСЫ
 – Оқу жылының басталуымен құттықтаймын, Ләйлә!
 – Нұрасыл, барлық достарымызға жаңа оқу жылында мол табыс
тар тілеймін!
 – Әдебиетіміздегі рухани мұраларымызбен бірге, әдебитеориялық 
ұғымдарды танып, талдау ерекшеліктерін меңгере бастадық.
 – Көркем шығармаларды талдау барысында жанр ерекшеліктеріне 
мән беруіміз керек.
 
–  Қымбатты  достар!  Бұл  оқу  жылы  «Дананың  сөзі  –  ақылдың 
көзі»,  «Көркем  әдебиет  және  эпикалық  сарын»,  «Махаббат  және 
абырой», «Қиял мен  шындық»  бөлімдерінде Қорқыт бабамыздың 
даналыққа толы сөздерінен бастап, бүгінгі Қазақ елінің төл мұра
ларымен  сусындаймыз.
 – Рухани мұрамызды терең меңгерейік!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


5
Бөлі
мі
Шығарманың 
атауы
Авторы 
Жанры 
Теория
Сөз басы
Дананың сөзі – 
ақылдың көзі
«Байбөрі баласы 
БамсыБайрақ 
туралы жыр» 
Қорқыт
жыр 
жыр
«Қорқыттың 
нақыл сөздері»
Қорқыт
нақыл 
сөз
нақыл сөз, 
психологиялық 
параллелизм 
«Даналық кітабы»
Қожа Ахмет Ясауи
өлең
хикмет
 «Күлдіркүлдір 
кісінетіп»
Ақтамберді Сарыұлы
толғау
толғау, ирония, 
сатира, гротеск
«Балаларыма 
өсиет» 
Ақтамберді Сарыұлы
толғау
толғау, өсиет 
 «Би Темірге 
бірінші толғауы»
Шалкиіз жырау
толғау
перифраз
Көркем әдебиет 
және 
эпикалық сарын
«Үш қиян»
Мұрат 
Мөңкеұлы
өлең
өлең
«Сарыарқа»
Мұрат Мөңкеұлы
өлең
өлең
«Еңлік–Кебек» 
дастаны
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы
дастан, 
поэма
дастан, поэма
«Жастарға» өлеңі
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы
өлең
өлең
Махаббат 
және 
абырой
«Бақытсыз 
Жамал»
Міржақып Дулатұлы  роман
роман
пафос
«Ұшқан ұя»
Бауыржан 
Момышұлы
әңгіме
ұлттық характер,
әдебиеттің 
халықтығы
«Әпке»
Дулат Исабеков
драма
драма, ескертпе
(ремарка)
«Аққулар 
ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев
поэма
поэма
Қиял мен 
шындық
«Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов
әңгіме
аңыз
«Айдағы 
жасырынбақ»
Жүніс Сахиев
әңгіме
фантастика
«Дабыл»
Жүніс Сахиев
фантас
тикалық 
әңгіме
фантастика
«Мәңгілік бала 
бейне»
Роза Мұқанова
әңгіме 
тура, жанама
мінездеу
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


6
ДАНАНЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ
Қорқыт
Қорқыт бейнесі қазақ әдебиетінде ха лық 
ауызында ертеден сақталған. Қорқыт деген
де көз алдымызға ажалдан қашқан абыз қарт 
бейнесі  келеді.  Себебі,  Қорқыттың  өмірі не 
байланыс ты  осы  маз мұндағы  аңыз  ел  ара
сында көп та ра  ған. Қорқыт ата бейнесі бар
лық түркі халық тарының әдебиетінде бар.
Қорқыт туралы аңыздарда оның қобыз
шы,  ойшыл, жырау екені айтылады. Сон дай
ақ  алғашқы  қобыздың  авторы  әрі  ас пап ты 
жасаушы  шебер  де  өзі  болғанын  аңыз дар
дан білеміз. Аңыздарға сүйенсек, Қор қыт бейнесінің тарихи тұлға екенін 
дәлелдейтін көптеген дерек бар. 
Қорқыт  ата  шамамен  VІІІ–Х  ғасырларда  Сырдария  бойында  өмір 
сүрген оғызқыпшақ тайпалық бірлестігінде дүниеге келген. Белгілі та
рихшы Рашид әдДиннің «Жамиғ атТауарих» атты тарихи шежіресінде 
Қорқыттың қайы тайпасынан шыққандығы туралы дерек бар. Ал тағы 
да  бір  таны мал  тарихшы,  шежіреші  Әбілғазының  «Түрік  шежіресінде» 
оның  шыққан  тегі  баят  делінеді.  Осы  шежіреде  Қорқыт  оғыздардың 
елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғаны туралы нақты айтылады. 
Белгілі ғалым Әбубәкір Диваев Сырдария жағасында Қорқыт атаның зи
раты бар екенін өз еңбектерінде жазған. 
Қорқыт  ата  туралы  аңыздардан  оның  үш  түрлі  қасиетті  бойына 
дарытқанын  білеміз.  Біріншіден,  ол  оғызқыпшақ  ұлысының  айтулы 
бақсысы,  абызы  болған  адам.  Екіншіден,  күй  өнерінің  иесі  –  күйші, 
қобыз  сарынын  алғаш  өмірге  әкелген  өнерпаз.  Үшіншіден,  сол  кездегі 
көп  ұлыстарға  аты  шыққан  жырау,  оның  жырлары  –  оғызқыпшақ 
өмірін бейнелеген әдебитарихи мұра.
Кезінде  бұл  жырларды  шетелдік  ғалымдардан  В.В.  Бартольд,  
В.М.  Жир мунский,  Ф.  Копрулузаде,  О.Ш.  Кокжай,  Э.  Росси  т.б. 
зерттеп  өз  пікірлерін  білдірген.  Сондайақ  қазақ  ғалымдарынан  
Ш. Уәли  ханов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Б. Ысқақов,  
М. Бай ділдаев, Ш. Ыбыраев және т.б. зерттеп, Қорқыт бейнесінің тарихи 
және көркемдік ерекшеліктерін нақтылай түсті. 
«Қорқыт ата кітабының» екі нұс қасы сақталған. Оның бірі Герма ния
дағы  Дрезден  кітапханасы ның  сирек   кездесетін  қолжазбалар  қорында 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
сақ таулы.  Дрезден  нұсқасы  «Қорқыт  ата ның 
оғыз  тайпасы  тіліндегі  кітабы»  деп  аталады. 
Бұл  нұсқада  Қорқыттың  он  екі  жыры  толық 
берілген. Бұл қол жазба кітаптың мұқабасында 
көр сетілген аты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет