Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет124/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің...


83
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of  L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
Мектептегі  көкейтесті  педагогикалық, 
психологиялық  және  басқа  да  проблемалар-
дың  ұжымдық  әзірлемелері  мектептің  озық 
ұжымдарына  тәжірибелік  және  ғылыми 
зерттеулерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мекте-
пішілік басқару жүйесінде де ерекше орынға 
ие, оның негізгі міндеттері мен қызметтерімен 
тығыз  байланысты.  Оның  мектепті  басқару-
дағы  негізгі  рөлі  адамзат  факторын  белсен-
дендіруде  көрінеді  -  мұғалімдер  мен  тәрби-
ешілер  қызметінің  шығармашылық  бағытын 
күшейтуден көрінеді. Мектептегі ғылыми-әді-
стемелік  жұмыстың  негізін  қарастыра  оты-
рып, оның кейбір маңызды талаптарға сәйкес 
жүзеге асырылуы тиіс екенін кейбір авторлар 
атап көрсетеді. Мәселен, А.М. Моисеев төмен-
дегі талаптарды бөліп көрсетеді [16]:
1. Көкейтестілік, бұл принцип ғылыми-әді-
стемелік жұмыстың заманның ауқымды про-
блемаларында  ғана  емес,  сонымен  қатар  сол 
мұғалімдердің  ұжымына  жақын  мағынада 
жүзеге асырылуын үдерісін талап етеді. 
2.  Ғылымилық.  Бұл  принцип  ғылыми-әді-
стемелік  жұмыстың  жетекшілерін  мұғалім-
дердің  біліктілігін  арттыру  жүйесі  мен 
ғылымның заманауи деңгейі арасындағы сәй-
кестілікке  қол  жеткізуге  бағытталады.  Бұл 
принциптің жүзеге асырылуы педагогтардың 
қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, мек-
тептегі нақты жағдайды ғылыми тәсілде тал-
дауға негізделеді. 
3. Жүйелілік. Бұл принцип ғылыми-әдісте-
мелік жұмысқа толық жүйе ретінде қарауды 
талап етеді.  Ол мұғалімдермен  жұмыс  істеу-
дің  әдістері  мен  формаларына,  мазмұнына, 
міндеттеріне,  мақсаттарының  бірлесуіне  тәу-
елді. Негізі әлеуметтік жүйелерге басқару тән 
болғандықтан,  жүйелілік  принципі  барлық 
ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  басқаруға 
икемділігі мен жоспарлылығын білдіреді. 
4.  Кешенді  сипат.  Бұл  принцип  мұғалім-
дердің  біліктілігін  арттыру  жақтары  мен 
бағыттарының  байланысы  мен  бірлігін  қара-
стырады (мына сұрақтарға байланысты: жеке 
әдістеме,  дидактика  және  тәрбие  теориясы, 
психология және физиология, педагогикалық 
этика, жалпы мәдениеттің дамуы және т.б.). 
5.  Жүйелілік,  дәйектілік,  сабақтастық, 
үздіксіздік.  Бұл  принциптер  бүкіл  жыл  бой-
ындағы  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  түр-
лі  формаларын  мұғалімдердің  қамтуын  қа-
растырады,  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың 
үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлігіне ай-
налуын қамтамасыз етеді. 
6.  Шығармашылық  сипат,  мұғалімдерді 
белсендендіру.  Бұл  принцип  мұғалімдердің 
шығармашылық  ізденісін  ынталандыруды 
қамтамасыз  ететін  мұғалімдермен  ғылы-
ми-әдістемелік  жұмыстың  шығармашылық 
сипатын болжайды. 
7.  Нақтылық:  нақты  мектептің,  мұғалім-
дердің  ерекшеліктерін  ескеру,  мұғалімдерге 
жеке қарау. 
8.  Ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  барлық 
тәжірибелік  бағыттылығындағы  теория  мен 
тәжірибенің бірлігі. 
9. Жеделділік, икемділік, мобильділік.
10. Мұғалімдердің тиімді шығармашылық 
ізденістері үшін қолайлы жағдай жасау.
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың 
барлық  алуан  түрлілігін  өзара  байланысты 
үш топ түрінде көрсетуге болады: фронталь-
ды формалар (психологиялық-педагогикалық 
семинарлар,  практикумдар,  ғылыми-прак-
тикалық  конференциялар  және  т.б.);  топтық 
формалар (әдістемелік бірлестіктер, мұғалім-
дердің шығармашылық шағын топтары, озық 
тәжірибе мектептері және т. б.); жеке форма-
лар (жеке консультациялар, тәлімгерлік, жеке 
шығармашылық тақырыппен жұмыс, жеке өз 
бетінше білім алу және т. б.). Бұл ретте жұмы-
стың алдыңғы формаларының ішінде топтық 
және  жеке  сипаттағы  жұмыс  болуы  мүмкін 
екенін  ескеру  қажет,  сондықтан  жоғарыда 
аталған топтар арасындағы айырмашылықты 
абсолюттеуге болмайды. Ғылыми-әдістемелік 
жұмыстың ұйымдастырушылық формалары-
ның  аталған  топтары  мұғалімдердің  сандық 
және  сапалық  құрамын  есепке  алу  негізінде 
бөлінеді.
Осылайша, біз ғылыми-әдістемелік жұмы-
стың  міндеттерін  іске  асыру  үшін  жеткілікті 
формалар  бар  екенін  көріп  отырмыз.  Зерт-
теушілер  атап  өткендей,  ғылыми-әдістемелік 
У.Ж. Конакбаева


84
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
  
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
жұмыс  педагогтардың  жалпы  психологи-
ялық-педагогикалық  дайындығы  мен  кәсі-
би-педагогикалық  құзыреттілігін  арттыруға 
ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогтардың  әр 
түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыруда айтар-
лықтай нәтижелерге қол жеткізу мақсатында 
педагогтардың дайындықтарының нақты түр-
лерін дамытуға бағытталуы мүмкін. Болашақ 
мұғалімнің  жалпы  теориялық  дайындығын 
емес,  дайындық  түрлерінің  бірін  дамытуға 
бағытталған біліктілікті арттыру процесін қа-
растыратын бірқатар зерттеулер бар: 
-  психологиялық-педагогикалық  ұсы-
нымдар әзірлеу, 
-  педагогтарды  педагогикалық  қызметте 
өзін-өзі ұйымдастыруға бағыттау, 
-  бастауыш  сынып  оқушыларының  құн-
дылық-гуманистік бағдарын қалыптастыру,
 - оқытудың техникалық құралдарын қол-
дану,
-  оқушыларды  оқытуға  жеке-бағытталған 
тәсілдерді жүзеге асыру,
- оқытуды дараландыру мен саралауды жү-
зеге асыру.
Сонымен зерттеу барысында кәсіптік білім 
беру  мекемелеріндегі  «ғылыми-әдістемелік 
жұмыс»  ұғымы  нақтыланды,  кәсіптік  білім 
беру  мекемелерінің  ғылыми-әдістемелік  жұ-
мыс  жүйесі  сипатталды  және  оны  жетілдіру 
жолдары  анықталды,  мұғалімдердің  ғылы-
ми-әдістемелік  жұмысын  жетілдіруге  қойы-
латын талаптар талданды. 
Кәсіптік білім беру мекемелерінің мұғалім-
дерінің  ғылыми-әдістемелік  жұмысты  атқа-
руға даярлықтарын  қалыптастырудың әдісна-
малық тұғырларына төмендегілер жатады:     
жүйелілік тұғыр – кәсіби даярлық барысын-
да  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің    кәсіби 
құзыреттілікті  әдіснамалық,  теориялық,  әді-
стемелік  және  технологиялық  компоненттер 
бірлігінде қарастырады; 
тұлғалық-іс-әрекеттік  тұғыр  –  кәсіптік 
білім  беру  мекемелерінің  мұғалімдерінің 
өздерін  субъект  ретінде  сезінуіне  көмекте-
седі  және  олардың  кәсіби  құзыреттілігінің 
құрылымын  және  мазмұнын  меңгеру  тетігін 
айқындауға мүмкіндік жасайды; 
аксиологиялық  тұғыр  –  кәсіптік  білім  беру 
мекемелерінің  мұғалімдерінің    жаңа  білім 
беру философиясының және соған сәйкес за-
манауи  педагогиканың  әдістемесінің  негізін 
меңгеруге  бағыттайды; 
құзыреттілік  тұғыр  –  кәсіптік  білім  беру 
мекемелерінің  мұғалімдерінің    іскерлігі  мен 
қабілеттерімен, теориялық және тәжірибелік 
даярлығымен,  жоғары  деңгейлі  технологи-
ялылығымен,  мәдениетілігі  және  шеберлі-
гімен,  түбегейлі  білімінің  жиынтығымен, 
өзін-өзі  дамытуға  үнемі  дайын  болуымен 
қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет