82
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
Көптеген авторлардың пікірінше әдісте-
мелік жұмыстың міндеттері төмендегідей:
[14].
1. озық педагогикалық тәжірибелерді зерт-
теу және ендіру,
2. мұғалімнің ғылыми деңгейін көтеру
мақсатында психологиялық-педагогикалық
ғылымның жетістіктерімен танысу,
3. мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеру.
Ал ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі
міндеттеріне төмендегілерді жатқызамыз:
1. мұғалімнің инновациялық қызметке
енуі,
2. мұғалімнің ғылыми-зерттеу қызметіне
енуі,
3. мұғалімнің тәжірибелік-экспериментал-
ды қызметке енуі.
Осы бағыттағы күш-жігерді шоғырланды-
руды қажет ететін маңызды міндеттердің бірі
мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмы-
сын жетілдіру болып табылады. Оқу-тәрбие
үдерісінің нәтижесі мұғалімнің кәсіби даму
деңгейіне байланысты. Педагогтарды ғылы-
ми-зерттеу және тәжірибелік-экспериментал-
ды жұмысқа енгізу инновациялық қызметте
ғылыми-әдістемелік жұмыс шеңберінде пе-
дагогикалық шеберлікті дамытуға ғана емес,
оның жеке тұлғасын дамытуға да, білім са-
пасын арттыруға да ықпал етеді. Сондықтан
инновациялық қызметте жалпы білім беретін
мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік
жұмысын жетілдіруге бағытталған жұмыс
ерекше маңызға ие.
Әзірленіп жатқан заманауи педагогикалық
ғылымда педагог кейпі ХХІ ғасырда ең ал-
дымен, білікті, шығармашылықпен дамыған
жеке тұлға және органикалық өзгерістерге,
сыртқы ортаға бейімделуге қабілетті болуы
тиіс. Бұл жағдай бірінші кезекте өзін қалып-
тастыруға бағытталған белсенділіктің жоғары
деңгейінде көрінеді, бұл педагог дамуының
негізін құрайтын білімнің, жеке қасиеттерінің,
қабілеттерінің арқасында болуы мүмкін. Бұл
міндетті іске асырудың табыстылығын қамта-
масыз ететін фактор ғылыми-әдістемелік жұ-
мыс болып табылады, ол білім беруді дамы-
тудың қазіргі кезеңінде педагогтың әртүрлі
деңгейдегі білім беру мекемелерінде, оның
ішінде орта арнаулы білім беру мекемелерін-
де жеке-кәсіби қалыптасуында басым рөл
атқара алады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны-
на кейбір авторлар оқытушылардың даярлық
бағытының жиынтығын кіргізеді: дидактика-
лық, тәрбиелік, психологиялық-педагогика-
лық, этикалық, құқықтық, техникалық, жал-
пы мәдени, басшылықтық, әдіснамалық және
дүниетанымдық даярлықтар.
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың
көптеген артықшылықтары бар [15]:
1. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс
4-5 жылда бір өтілетін біліктілікті арттыру
мекемелеріндегі даярлықтарға қарағанда
үздіксіз, тұрақты сипатты иемденеді. Сон-
дықтан да әрбір мұғалім өзінің анықталған
уақытын ғылымның, техника мен мәдениеттің
заманауи жетістіктерін және озық тәжірибе-
лерді меңгеруін ереже деп қарау керек. Зама-
науи мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс -
мұғалімнің үздіксіз білім жүйесінің маңызды
звеносы.
2. Мектептегі біліктілікті арттыру және
мұғалімдердің шеберліктері ғылыми-әдісте-
мелік жұмыстың мазмұны мен сипатын пе-
дагогикалық проблемалармен және нақты
оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелерімен байла-
ныстыруға мүмкіндік береді.
3. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмы-
сты ұйымдастырушылар ұзақ уақыт, нақты
оқытушылар мен сынып жетекшілерінің жеке
қасиеттері мен қызметтерін, олардың қызмет-
теріндегі қиыншылықтар мен кемшіліктерді
анықтауға, прогрессивті тенденциялар мен
озық жаңашылдықтың өсуін қадағалауға мүм-
кіндіктерді иемденеді. Ал бұл үдеріс педагог-
тардың педагогикалық шеберліктерін басқа-
руға икемді болуына мүмкіндік береді.
4. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс
нақты жұмыс істеп, дамып жатқан, ауызбір-
шілігі бар педагогикалық ұжымда жүргізіледі,
сондықтан да бірлесіп жұмыс атқару және
ауызбіршілік ғылыми-әдістемелік жұмыстың
дұрыс жолға қойылуына және педагогикалық
ұжымның ары қарай шығармашылық дамуы-
на септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: