81
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
терді тарта отырып, ғылыми-әдістемелік сүй-
емелдеу, мониторинг, талдау және бағалау
қамтамасыз етілетін болады. Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы «Назар-
баев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымдарымен және басқа да даму ин-
ституттарымен, педагогикалық жоғары оқу
орындарымен бірлесіп, ұзақ мерзімді қолдан-
балы зерттеулер жүргізу және Қазақстанның
орта білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік
сүйемелдеу үшін күш біріктіретін тораптық
орталық құрады. [10]. Бұл бағдарламадан біз
ғылыми-әдістемелік жұмыстың маңызының
артып отырғанын көруімізге болады.
Білім берудің модернизациясы, білім беру
үдерісінің барлық компоненттерінің жаңаруы
педагогикалық жұмысшыларға талаптарды
күшейтіп отыр. Бүгінгі педагог жоғары дең-
гейде қиын кәсіби міндеттерді кешенді және
шығармашылық шеше білуі тиіс. Атап ай-
тқанда: оқушылардың даму деңгейін диагно-
стикалау, өз қызметі мен оқушыларының қы-
зметінің нақты мақсаттары мен міндеттерін
құра білу, оқушылардың әлеуметтік және
танымдық дамуы есебімен мазмұнды әдістер
мен құралдарды орынды таңдай білуі, өз қы-
зметінің және оқушыларының жетістіктерінің
нәтижелері мен қадағалауы, вариативті білім
беру бағдарламаларын жасау және жүзеге
асыру, авторлық білім беру идеяларын, тех-
нологияларын, әдістемелік тәсілдерін жасау
және белгілілерін шығармашылық қолдану,
танымдық қызметті ұйымдастыру.
Бұл талаптар заманауи мұғалімнің тек
пән мұғалімі ретіндегі емес, сонымен қатар
педагог-зерттеуші, педагог-психолог, педа-
гог-технолог ретіндегі маңызын анықтап
отыр. Осыған байланысты педагогикалық
шеберліктің дамуына әсер ететін мектептегі
ғылыми-әдістемелік жұмыс зор маңызға ие
болып отыр. Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқу
мен тәрбие сапасына, білім беру мекемесінің
соңғы нәтижелеріне әсер ететіндіктен оны
білім беру үдерісін басқарудың маңызды фак-
торы ретінде қарастыруға болады.
Ғылыми-әдістемелік қызмет педагогика-
лық қызметтің барлық түрлері бойынша және
кадрлардың сабақ беретін пәндері бойынша
біліктілікті арттыру мен қайта даярлау жүй-
есі болып табылады. Ю. Бабанскийдің «Мек-
тептегі әдістемелік жұмыс: ұйымдастыру
және басқару» деген еңбегінде әрбір мұғалім
мен тәрбиешінің кәсіби шеберлігі жан-жақты
біліктілігін көтеруге бағытталған бір-бірімен
тығыз байланысты іс-шаралардың, оқу-тәр-
бие үдерісімен және озық педагогикалық
тәжірибемен анықталады [11]. Мектептегі
ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогтардың
шеберлік мектебі, шығармашылық белсен-
ділік сияқты үздіксіз практикалық қызметтен
көрінетін біліктілікті арттырудың ішкі форма-
сы болып табылады.
Педагогикалық әдебиеттерде көрсетіл-
гендей, жалпы ғылыми-әдістемелік жұмыс
мұғалімнің үздіксіз білім жүйесінің маңызды
звеносы болып табылады. Мектепте ғылы-
ми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
үлкен тәжірибесі жинақталған, оның форма-
лары мен әдістері жасалған. Ғылыми-әдісте-
мелік жұмысты ұйымдастыра отырып, ұзақ
уақыт бойы мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің
көтерілуіне әсер ететін әртүрлі қызметтерге
даярлық деңгейін және осы қызметті басқару-
ды зерттеуге болады. Педагогикалық сөздікте
ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұғалімдердің
ғылыми-теориялық, жалпы мәдени және кәсі-
би шеберлік деңгейін көтеруге бағытталған
педагогикалық кадрлардың ұжымдық және
жеке қызметі болып табылады [12].
Қазіргі кезде бұл ұғымның мазмұны кеңей-
іп келеді. С.Г. Молчановтың пікірінше ғылы-
ми-әдістемелік жұмыс педагогикалық және
басшылықтық іс-әрекеттерді қамтамасыз
ететін теориялық өнімдер шеңберінде жаса-
латын кәсіби-педагогикалық қызметтің мін-
детті құрамды бөлігі болып табылады [13].
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың пәні тек
қана
кәсіби-педагогикалық
коммуника-
ция құралдары емес, сонымен қатар оқыту
мазмұны және басшылықтық мазмұнды (бұй-
рықтар, нұсқаулар және т.б.) иемденеді. Ғылы-
ми-әдістемелік жұмыстың мақсаты білім беру
үдерісін сүйемелдеу, білім беру үдерісінің са-
пасын көтеруге әсер ету.
Достарыңызбен бөлісу: