әлсіретуі мүмкін. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы
Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын алуға болады. Қазіргі таңда
мемлекеттің күші көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекеттің жер
көлемі, халық саны, табиғи байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық
өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік-
саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
Халықарлық қатынастардың қалыптасу эволюциясына келсек оның адамдар
арасындағы өзара қатынасты ерекше түр ретіндегі бөлінуі әріден алғанда
алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыпта-
суынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың
арасындағы қатынаста күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасу
тарихындағы сапалық кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты, яғни,
осыған байланысты мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастары жіктеле
бастады. Әр мемлекеттің шекарасының анықталуы біріншіден оның егеменді-
гін анықтаса, екіншіден мемлекеттің сыртқы саясатын анықтады.
Бүгінгі күнде халықаралық қатынас саласындағы зерттеулер жаңа сапаға ие
болды. Халықаралық қатынас халықаралық құқық нормалары мен қағидала-
рына негізделеді. Бүгінде халықаралық қатынастағы биполярлық жүйе
жойылған. Саясаттанушылардың болжамы бойынша халықаралық қатынас
жүйесі блоктарға бөлінген көпполюсті жүйеге айналуы мүмкін. Қазіргі
халықаралық қатынастың басты ерекшелігі жалпы адамзаттық мәселенің
бірінші орынға қойылуы, барлық елдің бейбіт өмір сүру қағидаларының басты
болуы.
Кез келген уақытта мемлекеттің сыртқы саясаты ішкі саяси-экономикалық
даму ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Сыртқы саяси байланыстар
жасаудың маңызды құралы дипломатия болып табылады. Дипломатия-сыртқы
қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқығымен мүддесін
қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа
түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-
қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі нысаны болып
табылады.
Қазақстан мемлекетінің саяси мәселелері және
оны реттеу жолдары. Қазақстанның сыртқы саяси
ерекшелігіне келсек, бүгінгі әлемдік реттілікті
немесе НАТО ұсынып отырған «Бейбітшілік
жолындағы әріптестік» принципін іске асыру
барысында, біздің еліміз өз сыртқы саяси стратегиясын жасауда. Одақ
Достарыңызбен бөлісу: