Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси элита 
үгымы,  қалыптасу 
түрлері, қызметі


байланысты және т.б.  саяси маңызды шешімдер қабылдайды.
Қалай  болғанда  да,  қоғам  саяси  элитасыз,  кәсіби  маманданған  басқарушы- 
ларсыз  өз  қызметін  толық  атқара  алмайды.  Орыс  философы  Н.А.  Бердяев 
қоғамның  даму  деңгейі  мен  саяси  элита  санының  арасында  өзара  байланыс 
барлығын  ашып,  «элита  коэффицентін»  шығарды.  Ол  жоғары  зерделі, 
зияткерлік  бөлігінің  халықтың  жалпы  сауатты  санымен  салыстырғанда  бір 
пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэффиценті 
бес пайыздан  асса, қоғам  дамуының жоғары мүмкіндігі  барлығын  айғақтайды 
дейді ғалым.
Қоғамның толыққанды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, 
шектеулер  қойып,  зиялы  зерделі  қауымның,  дарынды  тұлғалардың  өзін-өзі 
көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасау керек.
Қазақстандағы элитаға келсек,  еліміз егемендігін алғаннан кейін де билеуші 
топ  онша  өзгермеген.  Олардың  басым  көпшілігі  Кеңес  Одағы  кезінде  номен- 
клатуралық  қызметтер  атқарып,  коммунистік  партия  ыдырағаннан  кейін 
мемлекеттік  институттарға  (Президент,  Үкімет  әкімшілігіне)  қызметке  көшті. 
1993  жылғы  Конституция  бойынша  билік  үш  тармаққа  бөлінді.  Алайда  шын 
мәнінде  билік  атқарушы  органның  қолына  тиді.  1995  жылғы  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы  Президенттік  билікті  бекітіп,  атқару 
билігінің  мәртебесін  арттыра  түсті.  Қазақстанның  қазіргі  элитасына  кімдер 
жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімші- 
лігінің  бастығы,  орынбасарлары,  бөлім  басшылары,  көмекшілері,  кеңесші- 
лері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатия- 
лық элита кіреді. Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Саяси  іс-әрекетті  жүзеге  асыруда  саяси 
жетекшілердің  орны  ерекше.  Оған  халықтың 
немесе  белгілі  бір  әлеуметтік  топтың  мүддесін 
толық  сезініп,  қорғай  білетін,  бойына саяси  қайраткерге  лайықты  қасиеттерді 
жия  білген  адам  жатады.  Ол  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  қаланың, 
аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіруге белсен- 
ді ықпал ете алады.  Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.  Өйткені 
саяси  жетекшіге  басқарушы  қызметті  ресми  түрде  атқармайтын,  бірақ  саяси 
өмірде беделді адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси  жетекшіліктің  табиғатын  ғалымдар  ертеден  білгілері  келген.  Солар-
143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет