Ключевые слова: технико-тактическая подготовка, казах-курес, учебно-тренировочный
процесс, соревновательная деятельность.
Кіріспе
Палуандарды
жетілдіру
дайындығына
арналған жаттықтыру үрдісін құру барысын-
да, ең алдымен, спортшының жарыс қыз-
меттеріне деген талаптары есепке алыну қажет.
Шеберлік деңгейін сипаттайтын маңызды
көрсеткіштердің бірі палуанның техникалық-
тактикалық дайындығы болып табылады. Ба-
ғыт талған жетілдіру барысында басым бағыт-
ты дайындықтың әр кезеңінде спорттық
нәти желерге ең үлкен басымдылық беретін тех-
ника мен тактикалардың жақтарын алу қажет.
Қазақ күресі палуандарының дайындық дең-
гейінің өсуіне орай, жарыс белдесуін жүргізудің
жеке дара стилінің қалыптасуы аса маңызға
ие. Аталған жарыс белдесуін жүргізудің жеке
дара стилін анықтауда келесі ұйғарымдарды
басшылыққа алу қажет:
– палуанның организмінің морфологиялық
ерекшеліктерін;
– антропометрикалық көрсеткіштерін;
– организмнің физикалық жағдайын;
– физикалық қабілеттерінің даму деңгейіне
(жылдамдығына, ептілігіне, иілгіштігіне, күшіне
және шыдамдылығына);
– функционалдық жүйелер жағдайына (дем
алу, жүрек тамыр жүйесі, ОЖЖ);
– жүйке жүйесі қасиеттеріне;
– спортшының жеке қабілеттеріне;
– техникалық-тактикалық дайындық дең-
гейіне.
Техникалық әрекеттерді жетілдіру әдісте-
месін таңдау үшін тәсілді орындаудың негізгі
элементтерін, яғни, оның маңызды фазаларын
анықтау керек. Қазақ күресінің талаптарын ес-
кере отырып, қазақ күресінің жарыс жекпе-жегі
шарттарында техникалық әрекеттерді орын-
даудың негізгі фазалары болып табылатындар:
– тәсілді орындау үшін қолайлы шабуыл;
– тепе-теңдіктен шығару бағыты;
– тәсілге кірудің бағыты мен жылдамдығы;
– тәсілдің қорытынды фазасын орындау ерек-
шеліктері (қарсыласын тірегінен айыру) [1, 2].
Техникалық әрекеттерді жетілдіру бағдар-
ла маларын жасау барысында палуанның
дайындық жұмысына әсер ететін тиімді әдіс-
темелік тәсіл дерді жасау қиыншылық туды-
ратын палуанның спорттық қызметінің ерек-
шеліктеріне назар аудару керек. Аса маңызды
факторлар қатарына келесі ерекшеліктер кел-
тірілген:
– белдесу күрделі әсер ететін жағдайда
өтеді (шаршау, қарсыластың қарсы әрекеттері,
психологиялық қысым, көрермендердің әрекеті,
кейде объективті емес төрелік, т.б.);
– белдесу кезіндегі жылдам өзгеретін
жағдайлар;
– белдесу барысында болған өзгерістерге
уақыт тың адекватты әсер ету қажеттілігі;
– қарсыластын әрқашан болжамсыз әре-
кеттері;
– жарыс белдесуіне организмнің толықтай
жұмылуы (тыныс, жүрек-тамыр, тiрек-қимыл
аппарат, ОЖЖ) кезінде мүмкіндік беретін мак-
сималды темпте өткізіп отыру қажеттігі.
Достарыңызбен бөлісу: |