ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Мақалада шағын-жинақты (ауылдық) мектептерді басқарудың мектепішілік мәселелері
көрсетілген. Мақала авторларының «Интеграция сельских ресурсных центров и самостоятельных
малокомплектных школ в единый образовательно-информационный технопарк (опорная школа
на базе вуза)» («Ауылдық ресурстық орталықтар мен дербес шағын-жинақты мектептерді
біртұтас білім беру және ақпараттық технопаркке (жоғары оқу орнына негізделген тірек
мектеп) интеграцияландыру») тақырыбы бойынша жобалық зерттеулерінің нәтижелері
берілген. Инновациялық менеджменттің заманауи теориясына негізделген мектептің тиімді
қызметінің ерекше аспектері белгіленген. Аталған инновациялық менеджмент теориясы мектепті
басқаруды әсер ету философиясынан өзара әрекеттесу, серіктестік және бұл үдерісте ұжымның
барлық мүшелерінің максималды түрде қатысу философиясына ауысуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттегі шағын-жинақты мектептер торабы мен олардағы оқушылардың контингентінің
жалпыланған талдауы берілген. Ауылдық алыс аймақтарда оқушылардың сапалы білімге
қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға қысқа мерзімді сабақтарды, аралық
және қорытынды бақылауларды өткізу үшін білім беру ресурстар шоғырлайтын тірек мектептер
(ресурстық орталықтар) қызметі қарастырылды. Австриялық әріптестерімен ынтымақтастық
нәтижелері көрсетілген, негізінен ауылдық жерлерде орналасқан біздікі секілді шағын-жинақты
мектептердегі жұмыс тәжірибесі сипатталған. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы
– авторлардың шағын-жинақты мектептерді басқарудың ғылыми-негізделген ұйымдастыруына
қажетті мәлімет ұсынылды.
Түйін сөздер: шағын жинақты мектеп, ресурстық орталық, білім менеджменті.
ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (51). 2017
51
Жайтапова А. және т.б.
1
Zhaitapova Altynay,
2
Almurzayeva B.,
3
Shunkeyeva O.,
4
Nauryzalina Dana
1
Doctor of Pedagogical Sciences, Professor of Kazakh Ablaikhan University of International Relations and
Foreign Languages, Almaty, Kazakhstan, e-mail: a.zhaitapova@mail.ru
2
Candidate of pedagogical sciences, Associate Professor of Aktobe Regional State University,
Aktobe, Kazakhstan, e-mail: almurzayevabibigul@gmail.com, тел.: +7 775 750 6355
3
Candidate of pedagogical sciences, Associate Professor of Aktobe Regional State University,
Aktobe, Kazakhstan, e-mail: shunkeyevao@mail.ru
4
PhD in Psyhology, Associate Professor of Turan University,
Almaty, Kazakhstan, e-mail: danna_gn@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |