Зерттеу материалдары мен әдістері
Басқару, жалпы алғанда осы жүйеге тән
объективті заңдылықтарды қолдану негізінде
оны жаңа күйге аудару мақсатында сол жүйеге
әсер ету процесін құрайды. Қазіргі таңдағы
мектепті басқару теориясы жалпы педагогикалық
процесс тиімділігін жеткілікті қамтамасыз ете
алмайды.
Әдетте мектепішілік басқару субъектінің
объектіге мақсатталған әсер етуі, басқарушы
жүйенің басқаруындағы жүйеге оны сапа-
лы жаңа күйге аударудағы ықпалы, басқару
іс-әрекетінде ғылыми тәсілді жүзеге асыру-
да педагогикалық еңбекті ғылыми негізде
ұйымдастыру элементтерін енгізу және т.б.
Дегенмен бүгінгі күн (жаһандану, сапаны
жаңаша түсіну, әр адамның әлеуметтік ортадағы
тұлғалық позициясы) мектепті басқарудағы
ықпал ету философиясының ынтымақтастық,
қарым-қатынас философиясына ауысуы мен
ұжым мүшелерінің барлығының бұл процеске
барынша қатысуын талап етеді.
Соңғы оқыту нәтижелері алда халықтың әл-
ауқаты мен мемлекет экономикасының өсуіне
әсер етуі үшін басқару теориясы педагогикалық
менеджмент теориясымен айтарлықтай толық -
тырылды, білім саласына қазіргі сапа менедж-
ментінің стратегиялары мен модельдері бейімде-
луде және енгізілуде.
Педагогикалық менеджмент – бұл білім
процесінің тиімділігін көтеруге ықпал етуші
қағидалар, әдістер және білім процесін басқаруды
ұйымдастыру формалары мен технологиялық
тәсілдер жинағы.
Қазіргі менеджмент теориясы алдымен өзінің
тұлғалық бағыттылығымен сипатталады. Оны
практикаға қолдану барысында менеджердің
іс-әрекеті өз қызметкерлеріне деген шынайы
құрмет, сенім, олардың тұлғалық дамуына,
жетістікке жетулеріне жағдай жасау негізінде
құрылады.
Бұл негіздер менеджменттің басты міндетін
қамтамасыз етіп қана қоймайды – ұжымның
қызметін және қызметкерлердің кәсіби қарым-
қатынасын регламенттейді және реттейді,
сондай-ақ басқарудың жетекші ролі/миссия
– оқу-тәрбие процесіне тартылған адамдар
ұжымына мақсатты ықпал ету және олардың
тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
Педагогикалық басқару теориясын толықты-
рушы менеджменттің осы мазмұнды жақтары
оларды басқару тәжірибесіне көшіру мен түсіну
мектепішілік басқаруды жаңартуға әкеледі.
Мақала авторларының жобалық зерттеу-
лерінің мақсаты ауылдық мектептердің табыс-
ты жұмыс жасауына ықпал ету болғандықтан
ғылыми-әдістемелік мақалада шағын жинақ-
талған мектеп (ШЖМ) жұмысының ұйымдас-
тырушылық және басқару аспектілері қарас-
тырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |