қосалқы (параллель) сыныптар жоқ.
ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (51). 2017
53
Жайтапова А. және т.б.
мұғалімнің жүктемесінің көппәнділігі тән.
Шағын жинақталған мектептердің ролі көбінесе
аймақтағы демографиялық, экономикалық және
саяси жағдайларға байланысты анықталады.
Қазақстан Республикасының білім беру
саласының барлық деңгейінде сапалы білімге
қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық модельді
дамытуға қолайлы шарттар жасалуда.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамы тудың мемлекеттік бағдарламасында 2011-
2020 жылдарға республиканың барлық облыс-
тарының аумағында тірек мектептерін құру
жоспарланған – ресурстық орталықтар (ары
қарай ТМ (РО)). Олардың базасында шағын
жинақталған мектептердің оқушыларының са-
палы білім алуына қол жеткізу мақсатында
білім алушылар үшін қысқа мерзімді сессиялық
сабақтар мен аралық және қорытынды аттеста-
циялар жүргізетін бір-біріне жақын орналасқан
шағын жинақталған мектептердің білім ресурс-
тары шоғырланады.
ТМ (РО) ретінде қала мен аудан орталық-
тарындағы материалды-техникалық базасы
жақсы жабдықталған және жоғары дәрежелі
мамандармен қамтамасыз етілген жалпы білім
беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, лицей-
лер анықталған.
Қазақстан Республикасының «Білім тура-
лы» Заңына 24.10.2010 ж (1бап 53-2 пункт) тірек
мектебі (ресурстық орталық) ұғымы енгізілген:
«Тірек мектебі (ресурстық орталық) шағын
жинақталған мектептер оқушыларының сапа-
лы білімге қол жеткізулерін қамтамасыз ету
мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтар,
білім алушыларға аралық және қорытынды ат-
тестациялау жүргізу үшін базасында білім ре-
сурстары шоғырландырылған жалпы орта білім
беру ұйымы болып табылады»
Ресурс орталықтарының қызмет етуін қам-
та масыз ету үшін ҚР 2011-2020 жылдарға ар-
налған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағ-
дарламасының шеңберінде келесі шаралар
жүргізілуде:
– заманға сай инфраструктура құру;
– материалдық-техникалық базаны нығайту;
– іс-әрекетті ғылыми-әдістемелік және оқу-
әдістемелік қолдауды (жетектеуді) қамтамасыз
ету;
– Тірек мектептері /Аймақтық орталықтар
үшін оқу-әдістемелік құралдарын даярлау;
– ресурстық және шағын жинақталған мек-
теп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
– Тірек мектептері/РО басшыларына арнап
аймақтық оқыту семинар-тренингтерін өткізу.
2010 – 2020 жылдарға арналған ҚР шағын
жинақталған мектептерді дамыту Концепция-
сы жобасын 5.3 «ШЖМ білім беру мазмұнымен
ұйымдастыру» және 5.4. «ШЖМ замана-
уи инфраструктурасын дамыту» бөлімдерін
ерекшелейді, онда басты роль ауылдық мектеп-
терде электрондық білім беруге аударылады:
«ШЖМ электронды білім беруді енгізу мұғалім
мен оқушы қарым-қатынасының сипатын
біршама өзгертеді, оқушыны оқу материялын өз
бетінше меңгеруге белсенді түрде бағыттайды.
Ұстаз тьютор ролінде жұмыс атқарады, оның
әрекеті ақпаратты жаңғыртуға емес, оқу та-
ным процесінде оқушыға психологиялық-
педагогтық қолдау көрсетуге бағытталған».
Электрондық білім беру оқушыларды жаңа
моди фикацияланған компьютерлермен қам тама-
сыз етуді, біртұтас ақпараттық тордың болуын
және республиканың барлық мектептерін кең-
ж олақты Интернет желісіне қосуды талап етеді.
ШЖМ қызметін сапалы ақпаратпен қам-
тамасыз ету мақсатында ақпараттық қор құру
орынды. Ол виртуалды лаборатория, мәліметтер
базасын, кеңестік қызметті, электронды кітап-
хананы, компьютерлік ойындар, конструктор-
лар, диагностикалық білім беретін және басқа да
оқу-әдістемелік құралдарын ұсынатын медиоте-
каны қамтиды.
«2016-2017 оқу жылдары ҚР білім беру
ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерек-
шеліктері жайлы» нұсқаулық-әдістемелік хатқа
сай оқу процесін ұйымдастыру 2015 жылғы 20
наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігінің
№ 137 жарлығымен бекітілген оқыту процесін
арақашықтық/дистанционды білім беру техно-
логиялары бойынша ұйымдастыру Ережесімен
реттеледі.
17 қыркүйек 2013 жылы бекітілген ҚР Білім
және ғылым министрлігінің №375 жарлығы
бойынша білім беруді ұйымдастыру жағдайына
қарай Білім беру ұйымдарының қызметтерінің
типті ережелерінде: шағын жинақталған/ары
қарай – ШЖМ/ және тірек мектебі (ресурс
орталығы /магнитті мектеп) деп беріледі.
Сондай-ақ шағын жинақталған мектеп ста-
тусын белгілейтін өлшемдер анықталған: бас-
тауыш ШЖП оқушылар саны 5-тен 40 адамға
дейін; негізгі ШЖМ оқушылар саны 41-ден 80
адамға дейін; орта ШЖМ оқушылар саны 81-ден
180 адамға дейін. Шағын жинақталған мектеп
және тірек мектептерінің/ресурстық орталық/
қызметінің тәртібі бекітілген.
Қазақстанда ШЖМ ғылыми негізделген және
бекітілген балама (альтернативті) үлгілерінің
ҚазҰУ Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (51). 2017
54
Шағын жинақталған мектепті басқарудағы ұйымдастырудың аспектілері
болмауы себепті аймақтық материалды-техни-
калық жабдықтау жүйесі, педагогикалық
процесті ұйымдастыруда түрлі тәсілдер қалып-
тасқан.
Бірнеше жақын орналасқан ШЖМ біртұтас
білім беру кеңістігіне жинақтаушы ресурстық
орталықтар құру тәжірибесі бар: мектеп-ком-
плекс / мектеп-балабақша, мектеп – мектепке
дейін білім беру мини-орталығы, метеп – мек-
теп жанындағы интернат – мектепке дейін
білім беру мини-орталығы/; құрамына ауылдық
кітапхана, медициналық пункт, пошта, клуб,
ауылшаруашылық профилінде теориялық және
практикалық тереңдетілген білім беретін мек-
теп – агро-биолаборатория; педагогикалық
процесті әртүрлі жастағы оқушылардан тұратын
ұжымдық сыныптарда ұйымдастыруды бол-
жайтын сыныптық – сабақ типті үлгіден бөлек
мектебі бар әлеуметтік орталықтар.
Олардағы педагогикалық жүйе әлеуметтік-
педагогикалық жағдайға сай кәсіби ұйымдас-
тырылғанда ғана жүзеге асады.
Тиімді және сапалы басқаруды мынадай фак-
торлар қамтамасыз етеді:
– мақсат және нәтиже;
– әлеуметтік-педагогикалық және уақыт
жағдайлары;
– функционалды компоненттер: мақсатты-
лық және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау,
реттеу және түзету (коррегирование).
Білім беру жүйесінің тиімділігі көп жағдайда
педагогикалық менеджмент мақсатын жүзеге
асыратын білім кеңістігіндегі басқарушы мен
бақыланатын кіші жүйелер байланысын басқару
әдістерін меңгеруге тәуелді. Басқару әдісін
таңдау басшының кәсіби және дара біліктілігіне
тәуелді, мысалы жағдайды /ситуацияны/ басқа-
ру, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау,
ұжым дағы тұрақты және жиі өзгеріп тұратын
жағдайларды шұғыл талдау қабілеті, ұжым
мүшелерінің ресурстық әлеуетін білу және т.б.
ШЖМ қызметінің тәжірибесінде жалпы
білім беретін мектептердегідей менеджмент
тиімділігін қамтамасыз ететін басқару әдістерінің
тобы қолданылады: экономикалық, әлеуметтік-
педагогикалық, тәрбиелік-әкімшіліктік, ұйым-
дас тырушылық-педагогикалық. Біздің база лық
ШЖМ мектептерде Н.Н. Панферова сыныптаған
/классификация/ қазіргі басқару әдістерін
қолдануды қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: