159
Оқушылар: Бізге тапсырманың мақсатын анықтауға білім, бұрынғы
тәжірибе (атап айтқанда талдау жасау тәжірибеміз), есептің мазмұны
көмектесті
Мұғалім: Дұрыс. Ал еңбекке баулу сабағында мақсатты анықтауға
ықпал ететін шарттар сабақтың тақырыбын айтып, оны тақтаға жазу,
міндетті түрде бұйымның үлгісін көрсету, осындай жұмыстарды
математика, қазақ тілі сабақтарында орындаудың практикасы бұл
шарттардың барлық жағдайда сақтала бермейтінін көрсетеді.
Мұғалім: Енді бүгінгі сабақтағы өз әрекеттеріңіздің мақсатын атаңыздар.
Оқушылар: Папка жасап үйрену.
Мұғалім: Еңбекке баулу сабағының мақсатын анықтауға не көмектесті.
Оқушылар: Бізге мақсатты анықтауға мына шарттар көмектесті: папка
(тақырып, бұйым үлгісі), практикалық тәжірибеміз.
Мұғалім: Дұрыс. Біздің тақырыбымыз ”папка дайындау”. Ол аяқталған
жоқ. Өткен сабақта жұмыстың алғашқы бөліктерін ғана жасап үлгердік,
бүгін оны аяқтаймыз, яғни бүгін жұмысты одан әрі қалай жалғастыруды
үйренеміз. Мақсаттың бұлай анықталуы мен оның берілу формасына
барлығы да келісті. Оқушылар барлық шартты бөліп алып атаудың әрекет
мақсатын анықтауға зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Тақырыппен алғаш
танысу сабақтарында мұғалім әрекеттің мақсатын өзі анықтап, айтып берді,
оқушыларды келесі сабақтарға бағыттады. Кейінірек оқушылар барлық
шарттқа - тақырыпты атау,өтілген материал бойынша білімдері, білім
мазмұнына өз беттерінше талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: