Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Білім, іскерлікті өзектендіру (актуализация)



Pdf көрінісі
бет102/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

 
Білім, іскерлікті өзектендіру (актуализация) 
 
Тапсырманы  орындауға  ғана  қажетті  ереже,  заңдарды  және  білікті 
жаңғыртып,еске  түсіруді  актуализация  дейді.  Білімнің  мазмұндық  және 
амалдық  (операциялық)  тұрғыда  өзектендіру  мақсатында  мұғалім  әр  түрлі 
тәсілдер қолданылады. Мысалы, белгілі бір ережеге сәйкес бірнеше сөзді бір 
жолға жазуды ұсынады: тарағың, көйлегі, қорабымыз. 
Мұғалім:  Әрі қарай тағы қандай сөздер жазуға болады деп ойлайсыңдар? 
Сәуле: Лағы, өрнегің, кітабым. 
Мұғалім:    Марат,  Сәуленің  сөздер  қатарын  неге  бұлай  жалғастырғанын 
дәлелдеші. 
Оқушы: Сіз жазған сөздердің барлығы бір ережеге бағынады. Қатаң қ, к, 
п  дыбыстарына  аяқталған  сөздерге  дауысты  дыбыстан  басталған 
қосымшаның  жалғану  емлесі.  Сәуленің  жазған  сөздері  осы  ережеге  сәйкес 
келеді. Жұмыс осылай әрбір пән негізінде жалғасады. 


 
161 
Мұғалім:    (тексеруден  кейін).  Сендердің  тапсырманы  дұрыс 
орындауларыңа қандай білімнің ықпалы тиді .............................. 
Мұғалім:    Сонымен  бұл  тапсырманы  дұрыс  орындау  үшін  бізге  өткен 
ережелерді  еске  түсіру  қажет  болды.  Қажетті  заңдар,  ережелерді 
анықтағаннан  кейін  ғана,  сендер  тапсырманы  дұрыс  орындадыңдар.  Оқу 
және еңбек міндеттерін орындау барысында бізге қажетті өткен материалды 
еске түсіру керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет