Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет97/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Сабақтан үзінді: 
Мұғалім:  Тапсырмаға өз беттеріңмен талдау жасаңдар. 
Оқушылар:  Бізге  арамшөптер  мен  дәнді  дақылдардың  кеппешөптерді 
белгілі, ал оларды салыстыру (талап) бізге белгісіз. 
Мұғалім:  Салыстыру дегенге қалай  түсінесіңдер? 
Оқушылар:  Арамшөп  пен  дәнді  дақылдардың  ұқсастығы  мен 
айырмашылығын табуды салыстыру дейміз. 
 
Әрекеттің  мақсаты  мен  орындау  тәсілдерін  анықтағаннан  кейін  3-ші 
сынып  оқушылары  практикалық  жұмысты  орындауға  кіріседі.  Одан  соң 
мұғалім оқушылармен әңгімені одан әрі жалғастырады. 
  
Еңбекке баулу сабағынан үзінді: 
Сабақтың тақырыбы: папка дайындау. 
 
Мұғалім  папканың  моделін,  оның  ашылуын,  жабылып  бекітілуін 
көрсете  отырып,  оқушылардан  папканың  не  үшін  қолданылатынын,  неден 
жасалатынын сұрайды. 
Мұғалім:  Балалар, тапсырмадағы белгіліні атаңдар. 
Оқушылар: Сабақтың аты, заттың үлгісі (папка) белгілі 
Мұғалім:  Дұрыс, ал бізге не белгісіз (талап). 
Оқушылар: Папка дайындау. 
Мұғалім:    Енді  ойланып,  біздің  сабақтағы  жұмысымыздың  мақсатын, 
неге үйренетінімізді айтыңдар. 
Оқушылар: Папка дайындау. 


 
156 
Мұғалім:    Кім  басқаша  ойлайды,  кім  біздің  сабақтағы  жұмысымыздың 
мақсатын басқаша айта алады? 
Оқушылар: Бізге папка жасап үйрену керек. 
Мұғалім:  Дұрыс, біз үшін сабақтағы негізгі мәселе - папка жасап үйрену, 
ол    жай  папка  жасап  шығудан  гөрі  маңыздырақ.  Себебі  папка  жасап 
үйренсек, оны досымызға, аға-інімізге сыйлыққа жасап бере аламыз. Өмірде 
мүмкін,  болашақ  жұмыстарыңда  қажет  болған  жағдайда  осындай  заттарды 
өздерің жасап аласыңдар. 
Мұғалім:    Балалар,  қазір  біз  еңбекке  баулу  сабағында  талдау  жасап 
үйрендік. Біз талдау мәселесіне бұрын қазақ тілі, дүниетану сабақтарында да 
бірнеше  рет  қайталап  оралғанбыз.  Ал  осы  үш  пәнде  тапсырмаға  талдау 
жасағанда, сендердің істеген әрекеттеріңде ортақ нәрсе болды ма? 
Оқушылар: Иә, ортақ нәрселер бар. Қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу 
сабақтарының  барлығында  да  біз  алдымен  белгіліні  (шарт),  содан  соң 
белгісізді (сұрақ немесе нені табу керектігін анықтау) бөліп алдық. 
 
Талдау  процесіндегі  ортақ  білікті  бөліп  алу  жалпы  еңбек  міндетін 
шешу  іскерлігін  қалыптастыру  шарты  ретінде  қарастырылатынын  ескеру 
керек.  Бұдан  соң  әрекет  тәсілдерін  меңгеруге  қызығушылығын 
қалыптастыру  мақсатында  оқушылардың  өз  әрекеті  үшін  талдаудың 
маңызын  түсінуіне  назар  аударылды.Ол  үшін  төмендегідей  сұрақтар 
қойылды: 
74 Сен тапсырманы не үшін талдайсың? 
75 Сабақ  үстінде  жүргізілген  талдау  саған  көмек  бола  ма,  әлде  тіпті  қажеті 
жоқ деп есептейсің бе? 
76 Талдауды дұрыс жасауға жеке басыңның қандай қасиеттері көмектесті? 
77 Қалай  ойлайсыңдар,  еңбек  тапсырмасын  орындауға  үйренген  талдау 
жасау білігінің көмегі болды ма? 
 
Үшінші  сынып  оқушылары  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  өз 
беттерінше  төмендегідей  қорытындылар  жасады:  талдау  оларға  есепті 
шешуге  көмектесіп,  мақсатты  да  саналы  түрде  әрекет  етуге  мүмкіндік 
туғызады.  Одан  басқа  талдаудың  негізінде  кейін  есепті  шешуде 
қолданылатын  әрекет  тәсілін  іздеу  жатқандықтан,  көптеген  қателіктерді 
болғызбауға  мүмкіндік  туады,  еңбек  және  оқу  міндеттерін  орындауда  өз 
бетімен жұмыс жасау іскерлігі қалыптасады. Қорыта айтқанда, оқушыларды 
есепті  талдаудың  маңыздылығына  сендіру  үшін  оларға  оқу  мен  еңбек 
міндеттерін  талдау  әдістемесін  меңгеретін,  яғни  оларды  есептің 
(тапсырманың, жаттығудың) талдауынан қате жібермеуге үйрететін әр түрлі 
тәсілдер қолданылады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет