166
3. Мәтіннен тәуелдеуге берілген зат есімнің кімге меншікті екенін
көрсететін сөздерді табу.
4. Ол сөздердің қай жақты көрсетіп тұрғанын анықтау, соған сәйкес зат
есімге тиісті тәуелдік жалғауын жалғау.
Мұғалім оқушыларға дәптерлерінің жиек сызығына бірінші
тапсырманы орындауға қажетті әрекеттер санын белгілеп қоюды ұсынады
(бұл бірінші әрекет, оны жиек сызыққа ”Ж-1” санымен белгілейді).
Мұғалім осылайша оқушыларды өз әрекетін дұрыс жоспарлауға
сабақтың басында сабақтың тақырыбы, ал кейін тапсырманың мазмұны
көмектесетінін түсінуге алып келеді. Егер әрекеттің бірізділігі сақталса,
белгіленген нәтижеге жетуге болады. Еңбек әрекетін жоспарлауға үйрету
жұмысының осындай бірізділікпен құрылуы бізге логиканы, жұмыстың
ретін белгілеуге көмектесетінін атап өту керек. Мұғалім жоғарыда
сипатталған тәсілдерден де басқа кұрделі тәсілдерді де пайдаланады
(әдістемені қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: