Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Iс-әрекетті жоспарлау іскерлігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет104/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Iс-әрекетті жоспарлау іскерлігін қалыптастыру 
 
Жоғарыда баяндалған кезеңдердің нәтижесі төртінші кезеңге, яғни оқу 
мен  еңбек  міндетін  орындау  жоспарын  құру,  жоспарлау  кезеңіне  өтуге 
мүмкіндік береді. Жоспарлау біліктілігін қалыптастыру мақсатында әр түрлі 
тәсілдер қолданылады. 
 
Ана тілі сабағынан үзінді: 
Мұғалім:    Балалар  жазушысы  Р.Бошнектің  ”Жақсылардың  жақсысы” 
ертегісіне жоспар құру керек. Оқу міндетін атаңдар. 
Оқушылар: Ертегі бойынша жоспар құруға үйрену. 
Мұғалім:  Дұрыс, ертегінің шарты мен талабың (сұрағын) атаңдар. 
Оқушылар: Шарты - ертегі мәтіні, талабы -жоспар құру. 
Мұғалім:  Дайын, жоспар құру үлгісін ұсынады: 
1.  Ертегіні оқып шығу. 
2.  Ертегіні бөліктерге бөлу. 
3.  Бірінші бөлімді оқып, ондағы ең басты мәселені бөліп алу. 
4.  Оған ат қою. 
5.  Осындай жұмысты басқа да бөлімдермен де жалғастыру. 


 
162 
6.  Өзінді тексеру. 
 
Мұғалім  оқушылардың  назарын  осы  әрекет  тәсілдерін  осыған  ұқсас 
оқу  міндеттерін  орындау  үшін  қолдануға  болатынына  аударады.  Одан  соң 
оқушыларға  мұғалімнің  басшылығымен  таныс  емес  материал  негізінде 
жоспарлауға ауысуға болады. 
 
Мысалы,  қазақ  тілі  сабағында  256-жаттығудың  оқу  міндетін  мұғалім 
”тәуелдік  жалғаулы  сөздің  жағын  ажыратуға  үйрену  және  сөзді  талдау 
іскерліктерін  жетілдіру”  деп  белгілейді  де,  әрекет  тәсілін  дайын  күйінде 
береді. 
1.  Зат есімді табу. 
2.  Төуелдік жалғауын еске түсіру. 
3.  Күмән  туған  жағдайда  тәуелді    жалғаулы  сөздің  алдына  ойша  менің, 
сенің,  оның  (көпше  түрін)  есімдіктерінің  бірін  қойып,  байланыстырып 
көру. 
 
Сөздерге дыбыстық-әріптік талдау жасау жоспары: 
1.  Сөзді буынға ажырату. 
2.  Дауысты, дауыссыз дыбыстарды табу. 
3.  Олардың түрлерін еске түсіріп, әр дыбыс туралы толық мағлұмат беру. 
4.  Сөзде қанша дыбыс және әріп бар екенін анықтау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет