Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Педагогика әдіснамасына анықтама беріңіз.
2. Педагогикада методологияны педагогикалық таным және болмысты
қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған
кімдер?
3. Кез-келген педагогикалық зерттеулерде әдіснама принциптерінің
сапасы негізінде нелерді көрсетуге болады?
4. Методологиялық білім құрылымының деңгейлерін атап көріңіз.
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1.Ғылыми педагогикалық зерттеу деген не? А) педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісті, оқыту,
тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған
танымдық іс-әрекет түрі;
В) ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын дамыту;
С) ғылыми іс-әрекетті жоспарлау;
D) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері.
2. Педагогикалық зерттеу принципін белгіле:
А) материалды саналы меңгерту
В) білімнің беріктілігі
С) үлгі
D) теория мен тәжірибенің байланысы
Е) құбылыстарды өзгеріс, даму үстінде зерттеу.
3. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:
А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық;
В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы;
С) жоспар дайындау, нәтижесі;
D) кезеңдерін анықтау, талдау
Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық
4. Педагогика ғылымның әдіснамасы:
А) таным теориясы
В) білімдер жүйесі
С) зерттеу нәтижесі
D)зерттеу әдістері
Е) қағидалар жүйесі