Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет18/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Әдіснамалық білімнің деңгейлері 
 
Философиялық 
әдіснама 
Жалпы  ғылыми 
әдіснама 
Нақты 
ғылыми әдіснама 
Технологиялық 
әдіснама 
- таным 
принциптері; 
- ғылымның 
категориялық 
құрылысы 
- жалпы 
ғылыми пәндерде 
теориялық 
тұжырымдамалар 
- белгілі бір 
не басқа да 
ғылыми пәнде 
қолданылатын 
зерттеулер мен 
- зерттеу 
әдісі мен 
техникасы, яғни 
дұрыс 
эмпирикалық 


40 
 
рәсімдердердің, 
әдістердің, 
принциптердің 
жиынтығы 
материалды және 
оның бастапқы 
өңделген 
нұсқасын алуды 
қамтамасыз 
ететін рәсімдер 
жиынтығы 
Ақиқатты 
тану мен қайта 
құру үдерісіне 
деген 
дүниетанымдық 
көзқарастарды 
айқындай 
отырып, барлық 
әдіснамалық 
білімнің 
мазмұндық 
негізін құрайды  
 
 
 
 
Қазіргі  ғылымтануда  әдіснаманы  ғылыми  танымдық  қызметтің 
нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды. 
2.6 Ғылым дамуының алты негізгі заңдылығын бөліп айтуға болады. 
1.  Ғылым  дамуының  қоғамдық-тарихи  тәжірибенің  қажеттіліктерімен 
байланыстылығы  –  бұл  ғылым  дамуының  басты  қозғаушы  қайнар  көзі.  Бұл 
жерде  оның  жай  ғана  тәжірибемен,  педагогикалық  білім  беру 
қажеттіліктерімен  емес,  атап  айтқанда,  қоғамдық-тарихи  тәжірибенің 
қажеттіліктерімен  тығыз  байланысты  екенін  қадап  айтуымыз  керек.  Әрбір 
зерттеу тәжірибенің нақты сұраныстарына байланысты жүргізілуі шарт емес, 
ол ғылым дамуының өзінен бастау алып, мысалы, ғалымның жеке мүддесінен 
туындауы мүмкін. 
2. Ғылым дамуының дербестігі. Тәжірибе ғылымының алдында қаншама 
нақты  міндеттер  қойылса  да,  бұл  міндеттерді  шешу  ғылым  белгілі  бір 
деңгейге  жеткенде,  ақиқатты  тану  үдерісін  дамытуда  белгілі  бір  сатыға 
көтерілген  жағдайда  ғана  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда 
көбінесе  ғылымнан  айтарлықтай  жігерлілік  пен  табандылық  талап  етіледі, 
өйткені  оның  ғылыми  көзқарастары,  ғылыми  негіздемелері  қалыптасқан 
дәстүрлерге, қайсыбір министрліктердің нұсқауларына немесе қолданыстағы 
нормативтер мен құжаттардың ережелеріне, т.с.с. қайшы келуі мүмкін. 
3.  Ғылыми  теориялардың,  идеялар  мен  ұғымдардың,  ғылыми  таным 
әдістерімен  құралдардың  даму  сабақтастығы.  Ғылым  дамуындағы  әрбір 
неғұрлым  жоғарғы  саты  соның  алдындағы  сатының  негізінде,  бұрын 
жинақталған құндылық атаулының бәрін сақтай отырып тұрғызылады. 
4.  Ғылымның  дамуында  ғылымның  теориялық  негіздерінің,  оны 
ұғындыру мен түсіндіру жүйесінің байсалды (эволюциялық) және қарқынды 


41 
 
(революциялық) даму кезеңдерінің ауыспалылығы. Ғылымның эволюциялық 
дамуы  өмірде  бар  теориялық  көзқарастардың  шеңберінде  жаңа  фактілердің, 
эксперименттік  мәліметтердің  біртіндеп  жинақталу 
үдерісі,  соған 
байланысты  бұрын  қабылданған  теорияларды,  ұғымдар  мен  принциптерді 
кеңейту, нақтылау және жеріне жеткізе пысықтау арқылы жүзеге асырылады. 
Ғылымдағы  революция  бұрынғы  көзқарастардың  шеңберіне  симайтын  жаңа 
деректердің  жинақталуы,  жаңа  құбылыстардың  ашылуы  нәтижесінде  бұрын 
қалыптасқан көзқарастарды түбірімен қопарып, қайта құру, ірге қағидаларды 
қайта қарау басталды. Бірақ мұндай тазару бұған дейінгі білімнің мазмұнына 
емес, оның жансақ тұстарына бағытталады.  
5.  Барлық  ғылым  салаларының  іс-әрекеті  өзара  тығыз  байланысты. 
Осыған  орай  басқа  бір  ғылымның  әдістері  мен  тәсілдері  арқылы  ғылымның 
бір  саласының  пәнін  зерттеуге  болады.  Соның  нәтижесінде  әртүрлі  сапалы 
құбылыстардың мәні мен заңдылықтарын неғұрлым толық және терең ашып 
көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасалады. 
6.  Сынның  еркіндігі,  ғылым  мәселелерінің  кедергісіз  талқылануы, 
әртүрлі пікірлерін ашық та еркін бой көрсетуі. Табиғаттағы, қоғамдағы және 
адам бойындағы құбылыстар мен үдерістердің диалектикалық қарама-қайшы 
сипаты  ғылымда  бірден  және  тікелей  ашылмайтындықтан,  айтысушы  түрлі 
пікірлер  мен  көзқарастарда  зерттеу  үдерістерінің  тек  жекелеген  қарама-
қайшы  жақтары  ғана  көрініс  береді.  Осындай  күрестің  арқасында  зерттеу 
объектілеріне  деген  әртүрлі  көзқарастардың  бастапқы  бір  жақтылылығы 
ығысады  да,  бүгінгі  күннің  шындығына  сәйкес  келетін  бірыңғай  көзқарас 
қалыптасады. 
Зерттеудің әдіснамалық принциптері. Кез-келген педагогикалық  зерттеу 
негізгі ережелері мен принциптерінен көрініс табады. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет