45
көрсетуі бойынша зерттеудің сол не басқа сұрауын қандай да бір
универсалды әдістің көмегімен шешуге болмайды.
Зерттеуге психология мен педагогикада комплексті келу талабы басқа
ғылымдардың,
соның
ішінде
социологияның,
философияның,
мәдениеттанудың және осы сынды басқа да ғылымның жетістігіне жол
ашады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ең бір әдіснамалық принципі
тарихи және логикалық бірлік болып табылады. Объектіні, болмысты тану
логикасы, оның дамуына, яғни нақтылап айтқанда оның тарихын көрсетеді.
Жеке тұлғаның даму тарихы, мысалы, жеке тұлғаны нақты тануға өзіндік
образды шешім болып табылады, ол оны тәрбиелеу мен оқытуда
практикалық шешім қабылдай алады. Жеке тұлғаның даму тарихында оның
болмысы көрінеді, себебі оның өз тарихы, өмірі, өмірбаяны бар. Зерттеудің
әдіснамалық принципі жүйелілікті талап етеді, яғни зерттеуші жүйелі
объектіге зерттейді. Ол объектіні игеруде жүйе ретінде қарастыруды
ұсынады, оның көптеген анықталған элементтері шығарылады, құрылады,
топтастырады.
Жүйелі келу жүйенің құрылымы мен ұйымдастырылуын; оны
басқарудағы негізгі принциптерді көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалық зерттеуде ең басты әдіснамалық рөлді
диалектика категориясы атқарады – олар мәні мен болмысы, себебі мен
бірізділігі, қажеттілігі мен кенеттілігі, мүмкіндігі мен шындығы, мазмұны
мен формасы және т.б. Олар педагог қолындағы сенімді әдіснамалық
құралдар болып табылады. Бұл құралдар болашақ мамандарды оқыту мен
тәрбиелеуде күрделі мәселелерді жан-жақты және терең шешуге мүмкіндік
береді.
Жеке тұлғаның белсенді әрекет принципі зерттеушінің көңілін жеке
тұлға танымның белсенді объектісі екеніне бөледі. Әрекеттің жеке тұлғаға
әсері үлкен. Әрекетсіз адам болмайды. Жеке тұлғаға психологиялық-
педагогикалық әрекеттесу оның әрекетін ескеруі қажет.
Даму принципі психологиялық-педагогикалық болмысты әдеттегі
өзгерісте, қозғалыста және ұсыныста қарауды көрсетеді. Психология мен
педагогикада даму принципі әдетте екі аспектіде қарастырылады: филогенез
және онтогенез.
Филогенез – жеке тұлғаның тарихи дамуының тууынан бастап қазіргі
кезді қамтиды;
Онтогенез – нақты адам тұлғасының дамуы. Сонымен қатар, жеке
түлғаның әр түрлі компоненттері оның бағыттылығы, сипаты, тұлға
сапасының дамуын қарастырады.
Зерттеудің
ғылыми
психологиялық-педагогикалық
әдіснамасы
принциптері, олардың әдістерін анықтай отырып, теориялық концепциясы,
болжамы ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: