43
функцияларын атқара алмайды. Антропологиялық принцип педагогиканың
психология, әлеуметтану және т.б. сынды ғылымдармен интеграциялауды
қажет етеді.
Кез-келген педагогикалық зерттеуде әдіснама принциптерінің сапасы
негізінде мыналарды көрсетуге болады:
1.
Ғылым дамуы деңгейінің есебімен зерттеу мақсатын, тәжірибеге
деген қажеттілікті, ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың қоғамдық өзекті
мүмкіндіктерін анықтайды.
2.
Зерттеудегі барлық үдерістерді меңгеру олардың ішкі мен
сыртқы дамуы. Мысалы, тәрбие – дамыту болмысы, қоғамның, мектептің,
отбасы мен жас сәбидің өсуіндегі психикасының дамуымен түсіндіріледі.
Жас сәбидің даму жүйесі, ол өзін-өзі тану мен дамытуда икемі бар, ішкі және
сыртқы мұқтаждықтары мен қабілеттіліктеріне қатысты өзгере алады, ал
педагог қойған мақсаттармен және т.б. өз әрекетін өзгертетін, әрқашан әрекет
етуші маман болып табылады.
3.
Адам
туралы:
социология,
психология,
антропология,
физиология, генетика және т.б. ғылымдардың білім беру мен тәрбие
мәселелерін барлық ғылымдар тұрғысынан қарастырады. Мұнда біз
педагогиканың қазіргі адамзат білімін біріктіретін және оптималды
педагогикалық жүйелерді дамыту қызығушылығында адамзат туралы барлық
ғылыми ақпаратты қолданатын ғылым екенін көре аламыз.
4.
Зерттеуде жүйелі келу бағыты (құрылымы, элементтер мен
болмыстар ара-қатынасы, олардың бағынушылығы, даму динамикасы,
тенденциясы, мәні мен негіздері, факторлары мен шарттары).
5.
Оқыту мен тәрбие үдерісінде, ұжым мен жеке тұлғаның
дамуында қарама-қайшылықты анықтау;
6.
Теория мен тәжірибе қатынастарын өңдеу, жаңа ғылыми
концепцияларға педагог бағдары, жаңа педагогикалық ойлардың алға шығуы.
Әдіснама дегеніміз ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидаларын
қарастырар, зерттеу кезіндегі және нақты ғылымдардың мәселесін шешу
теориясы. Қағидалардың ортақ дәрежелері әртүрлі. Тек ортақ қағидалар деп
заңдар
мен
категорияларды
айтуға
болады.
Бұлардың
барлығы
философиялық негізде, мұнда диалектика ғылыми танымның жалпы әдіснама
ретінде қарастырылады.
Ғылыми-педагогикалық
зерттеулер
жүргізуде
төмендегідей
принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын
ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі обьектив заңдары, қарама-
қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі
дамиды;
- құбылыстарды даму барысын зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі
толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен
шығармау;
44
- зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
- даму үдерісін
- сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-
қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде
қарастыру;
- сынақталушыға, білім, тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгершілік,
инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Достарыңызбен бөлісу: