Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау
жұмыстары, суреттері, түрлі жұмыстарын зерттеу арқылы кейбір керекті
материалдар алуға болады.
Педагогикалық тест - нақты білім беру саласында оқушылардың
білім, білік пен дағды құрылымын және деңгейін тиімді бағалауға мүмкіндік
беретін белгілі бір пішін мен мазмұндағы тапсырмалардың күрделілігі
бойынша сараланған жүйе. Педагогикалық тестілеу – қатаң
қадағаланатын жағдайда өткізілетін мақсатты тексеру. Ол арнайы
жасақталған міндеттер көмегімен педагогикалық үрдістің зерттелетін
сипаттамаларын объективті өлшеуді қамтамасыз етеді.