99
Әңгімелесушілердің түрлері – ауызша қарым-қатынас үдерісінде
педагогке тәрбиеленушілермен өзара әрекетте тактика таңдауда ескеруге
пайдалы адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі.
Басым
ойлы
әңгімелесушімен
(қайсар,
шешім
қабылдап,
жауапкершілікті өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып,
сабырлы болу тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде
айту керек;
басым ойы жоқ әңгімелесушіні (сыпайы, жұмсақ, тез абыржып
қалатын)
жиі
жігерлендіріп,
қызығушылықпен
тыңдап,
дұрыс
қорытындыларын қолдау пайдалы. Қарым-қатынаста
ұтқыр тәрбиеленушіні
(еті тірі, тақырыптан тақырыпқа жеңіл ауысатын) әңгіме тақырыбына
оралып, сыпайы сөйлесіп отыру ләзім.
Ригидтіні (тақырып ауысуына ілесе
алмайтын шабанды) асықтырмай, оған ақырына дейін сөйлеуге мүмкіндік
берілуі тиіс.
Экстраверт (төтенше) көпшіл, белсенді, көбінесе
әңгімелесушіге бағытталған. Онымен, әдетте, қарым-қатынас жасау жеңіл.
Интраверт әңгімеге онша құлқы жоқ, егер алдыңғысы аяқталмаса,
тақырыптан тақырыпқа қиын ауысады. Оны шыдамды, ойлы түрде тыңдау
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: