Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет60/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Сауалнама  –  1)  белгілі  бір  тақырып  бойынша  сұрақтар  және  оларға 
қажетті  мәліметтер  алу  мақсатымен  жауап  жазуға  орын  қалдырған  (немесе 
жауаптары) сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің 


 
100 
құрастыратын  тізімі,  олардың  жауаптары  жалпылау  үшін  алғашқы 
эмпирикалық материал ретінде қызмет етеді: 
- алып – жүз, екі жүз сұрақтары бар сауалнама; 
- жабық – ұсынылған жауаптардан таңдау; 
- найзағай – екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама; 
- ашық –  жауап берушілердің еркін жауаптары; 
- аралас – сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ 
ұсынылатын  сұрақтардың  шеңберінен  шығып  кететін  жауаптарды 
тұжырымдайтын бос жолдар қалдырылатын сауалнама.   
Сауалнама  белгілі  бір  құбылыс  туралы  ақпаратты  зерттелушілердің 
үлкен  тобында  анықтап  алу  үшін  сын  мен  ұсыныстарды  анықтау  үшін 
өткізіледі. 
Ұжымдағы  қарым-қатынасты  анықтап  алу  үшін  социометриялық 
сауалнамалар  өткізіледі.  Мұндағы  сұрақ  әдістерінің  артықшылығы  – 
зерттеуші  әр  түрлі  ақпаратты,  үлкен  аудиторияны  қамти  отырып,  жинап 
алады.  Кемшілігі  –  әр  сауалнамада  толығымен  шындық  айту  элементі 
болмай қалады, кейбір жауаптар жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар 
белгілі бір жас ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін. 
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:  

  зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат 
беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау; 

  жауаптарды  нақтылауға  мүмкіндік  беретін  тікелей  және  жанама 
сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау; 

  берілген  сұрақтардың  мәні  мен  маңызы  және  оларды  дайындау 
кезінде ешкімнің араласпауы; 

  ашық  (кейде  жауап  беруші  өзінің  жеке  пікірін  айтуына  болады), 
жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану; 

  дайындалған  сауалнаманы  сынақтан  өтушілердің  шағын  тобына 
тексеру,  қажетті  түзетулерді  енгізу;  балмен  бағалау  арқылы  қарама-қарсы 
сауалнамаларды пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет