104
екенін, кімнің пікірі жиі сәйкес келетінін анықтауға көмектесетінін
анықтауға көмегін тигізеді.
4. Өзін-өзі бағалау шкаласы. Ең көп таралған зерттеу әдістерінің бірі
болып өзін-өзі бақылау болып табылады. Мұнда зерттеуші 3-4 күн, апта
ішінде достарына өзін бақылауды ұсынады. (Мысалы, өзінде және досында
еріктің пайда болуы). Кейін олар өзінде пайда болған сапалардың деңгейін
белгілейді. Мәселен, өзін-өзі бағалаудың жалпы түрі еріктің даму деңгейі
бойынша көрінеді.
Өзін-өзі бағалау шкаласы әр түрлі болады. Өзін-өзі бағалау
зерттеушінің бағасымен салыстырылатын шкала түрі жиі қолданылып
келеді. Мұнда өзін-өзі бағалау ата-ана мен мұғалімнің бағасымен
салыстырғанда төмен көрсеткіш береді.
Социометриялық әдістемені қолданған кезде мынаны ескерген жөн:
1. Сауалнама, әңгіме, сұхбат және өзін-өзі бағалауда белгілі талаптарды
орындау. Зерттеу объектісі жөнінде жеткілікті мәліметтер беретін өзара
қатынастың болуын жоспарлау;
2. Кез келген социометриялық әдістеменің шешімді, қарым-қатынас
сферасын, объектісін таңдауға болады.
Мысалы, оқушыларға әрекет түрін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау
себебі әртүрлі болуы мүмкін: достарымен бірге болу, жұмысқа
қызығушылық, мұғалімдерді сыйлау, жаңа істе өз күшін байқау және т.б.
Оқушы бір партада басқа біреумен отырғысы келген кезде оның таңдау
себебі әр түрлі: досына жәрдемдесу, досының жәрдем беруі, жұмысқа деген
қызығушылығы және т.б. Социометриялық әдіс ұжымдағы қарым-
қатынастың себептік сипатын аша түсетіндей болып құрылуы керек.
3. Алынған мәліметтердің сапасына бақылау жүйесі қажет. Бұл үшін
бірінші кезекте таңдап алынған әдіс (шағын топтық типтер зерттеледі)
қолданылады, оқушылар өз жауаптары мен таңдауларының себептерін аша
түсетін арнайы әңгіме және сұхбатпен социометриялық әдісті тексеру;
мәліметтерді басқа зерттеу әдістері көмегімен тексеру.
4. Социометриялық зерттеуде балалар мен ұжымның жалпы даму
деңгейі туралы мәлімет болуы керек. Көбінесе бұдан әрі фактінің, сандық
материалдық объктивтілігі көп жағдайда тәуелді болады. Айырмашылығын
білу жалпыны білу қажет.
Социометрия әдіснамасы бірнеше қабылдау кешенін ұсынады:
а) Сауалнаманың мынадай сұрақтарға өткізілуі:
«Сіз бір партада кіммен отырғыңыз келеді?»
«Сіз кіммен кезекшілік қызметін атқарғыңыз келеді?»
«Сіз кіммен бірге серуендеуді қалайсыз?» және т.б;
Достарыңызбен бөлісу: