Методика (әдістеме) – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген
зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология (әдіснама) - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары
жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді
зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Ғылыми
танымның
нәтижелері
түсініктерді
қалыптастырумен
аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты
аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен
түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл
түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н. И.
Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы
космогония – түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады.
Түсініктердің қалыптасуы – үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым
белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай
жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы
түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға
айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде
осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс
теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық
процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік,
магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық
ғалымдар Д. К. Максвелл жасаған электромагниттік теорияның
парадигмасына сүйенді.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін
енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін –
12
бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған
процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен.
Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең – бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы
сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланған;
-экстраординарлық кезең – жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен
ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз
болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық
фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның
даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан
ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір-біріне үзілді-кесілді қарама-
қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан
қарсылыққа кездесті.
Ғылымды эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге
негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
Таным – ойлауда шындықтың көрініс табуы, талдау мен елестету
процесі, нәтижесінде дүние туралы жаңа білім пайда болады; 2) меңгерген
білім мен тәжірибенің жиынтығы.
Таным үрдісі – сарқылмайтын құбылыс. Мұғалімнің таңдау мүмкіндігі
мол кезде оның шығармашылығы кең өріс алады.
Ғылыми
танымның
нәтижелері
түсініктерді
қалыптастырумен
аяқталады.
Ғылыми таным – өзінің негізгі мақсаттарымен, ең бастысы, жаңа білімді
алу және тексеру әдістерімен сипатталатын зерттеу.
Ғылыми теория – ақиқатты тікелей емес, идеялық дәл бейнелейтін
абстрактілі ұғымдар мен пайымдар (пікірлер) жүйесі.
Ғылыми танымның құрылымдық схемасын төмендегіше беруге болады:
модельдік
реалды тәжірибе
бақылау
ғылыми факт
эмпирикалық
факт зерттеулер қорытындысын эмпирикалық деңгейде
ойша тәжірибе
тәжірибе
қолда бар теориялық білімді қолдану
эмпирикалық жалпылау
бекіту жаңа түсініктерді
оны тәжірибе арқылы тексеру
гипотеза құру
олардың мәнін анықтау
терминдер мен белгілерді енгізу
қалыптастыру қажет
оны тәжірибеде тексеру
теория ойлап шығару
заң шығару болған жағдайда қосымша гипотезалар жасау.
Сонымен біз ғылымның – бақылау, тәжірибе, гипотеза, теория және
аргументтерден құралатындығын анықтадық. Өз кезегінде ғылымның
мазмұнын қарастыратын болсақ, бұл – бақылау және тәжірибемен
дәлелденген эмпирикалық жалпылаулар және теориялар жиынтығы. Сондай
ақ, бұл жерде теория мен аргументтерді ойлап шығарудың шығармашылық
процесінің тәжірибе мен бақылаудан кем рөл атқармайтындығын көрсету
керек. Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде ғылыми зерттеудің құрылымы
өте күрделі деген қорытындыға келеміз.
Ғылыми-педагогикалық таным нәтижесі педагогикалық білім жиынтығы
болып табылатын педагогикалық болмыстың мәні мен заңдылығын түсіну.
13
Педагогикалық үрдістің жеке тұлға мен қоғамның келелі мәселелерін
шешуде өзіндік алатын орны бар. Оның қыры мен сыры, бүгіні мен келешегі
тұрғысынан қарағанда ғылыми зерттеуді талап етуде. Қазіргі және болашақ
мұғалімдер жоғары деңгейде кәсіби бірнеше құзыреттілікті игеруі қажет.
Себебі, мұғалім мен студент қызметінің мақсаты жаңа талаптарға сай жауап
беруінде болып тұр.
Ғылым – адамның өзі туралы және оның қызметінің мақсаты мен
міндеттері, сыртқы әлем туралы білім қалыптастырып, теориялық
жүйелейтін саласы; қоғамдық сананың бір түрі; ғылыми ілімнің педагогика,
психология және т.с.с. жеке салаларын белгілеу үшін қолданылатын ұғым.
Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға
бағытталған таным формасы.
Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
Ғылым – адам, табиғат, қоғам жөнінде жаңа (тың) білім алуға
бағытталған зерттеу әрекетінің сферасы.
Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану
нәтижесінде алынған негіздер; табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа
білім жасауға бағытталған.
Ол обьективті ақпаратқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын
ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары нысаны.
А. М. Новиковтың пікірінше, ғылым, ғылыми-педагогикалық,
индустриялдық, т.с.с. кез келген ғылым сияқты, адамның кәсіби қызметінің
бір саласы болып табылады. Ғылымның бір ерекшелігі, егер адам қызметінің
басқа салаларында ғылымнан алынған білім пайдаланылатын болса, ал
ғылымда ғылыми білім алудың өзі басты мақсат болып табылады.
Ғылым жаратылыс, шынайы өмір туралы обьективтік білімді
жинақтайтын және оны теориялық тұрғыдан жүйеге келтіретін адам
қызметінің саласы ретінде айқындалады. «Ғылым» деген термин қысқа
мағынасында
пайдаланылып,
«физика»,
«химия»,
«психология»,
«педагогика» сияқты ғылымның жекелеген салалары бөлінген.
Ғылым ұғымының астары өте көп. Ғылым туралы айтқанда, ең
құрығанда, оның негізгі үш түрлі астарын ескермесе болмайды, олар:
Ғылым – әлеуметтік институт (ғалымдар қоғамдастығы, ғылыми
мекемелер мен ғылыми қызмет көрсету құрылымдарының жиынтығы);
ғылым – нәтиже (ғылыми білім жүйесі);
ғылым – үдеріс (ғылыми іс-әрекет).
Ғылыми шығармашылық – қоғамның материалдық және рухани өмірін
жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б.
өндіретін адамның танымға және шындықты түрлендіруге, дәлелдеуге
бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Шығармашылық тек
адамға ғана тән. Ол өмірді мағынасын ұғады, жаңа шығармашылық
жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекетті және
оларды өмірге ендірудегі дене еңбегін біріктіреді. Әр түрлі іс-әрекеттің өзіне
тән ерекшеліктеріне сай шығармашылық барысы да сан-салалы болады.
14
Мұғалім шығармашылығының оқушыларды дүниеге көзқарасын
қалыптастырудағы және өмірге, еңбекке құлықтық-талғамдық қатынасын
арттыру сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде ерекше мәні бар.
Мұғалім шығармашылығының негізі теорияны терең білу, осы заманғы
келелі мәселелердің мағынасын ұғу болып табылады. Ол оқу-тәрбие
міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуінен ойлаудың томаға-тұйық
еместігінінен, өз ойын сауатты баяндап беруінен, өзіне деген зор сенімнен
көрінеді, осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.
Ғылыми-педагогикалық шығармашылық – педагогикалық ғылым мен
тәжірибені дамытуға арналған жаңа құнды педагогикалық білімді табу және
оны меңгеру.
Ғылыми ізденіс – ол зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-
педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған мәні, белгісі, айқындау
қасиеттері мен түрі жөніндегі ғылыми ақпараттарды (заңдылығын
белгілейтін мәліметтер, ғылыми фактілер және т.б.) мақсатты бағытта тарту
немесе тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысындағы процесс.
2. Іс-әрекеттің адам өмір сүруінің жалпыға бірдей тәсілі ретінде
қарастырылуы баршамызға белгілі.
Іс-әрекет – қоршаған ортаға адамның қарым-қатынас тәсілі, адам
шығармашылықпен табиғатты қайта өзгертеді, сол арқылы өзін-өзі іскер
субьект ретінде көрсетіп, ал олардың меңгерілетін табиғат құбылыстарын өз
қызметінің обьектісіне айналдыратын үдеріс. Әрбір әрекетке сәйкес келетін
өзіндік жеке мақсаты немесе міндеттері бар ең кіші бірліктерінен тұрады.
Оған мақсат, себеп, тәсілдер, шарттар және нәтиже кіреді:
Іс-әрекет –адамның айналадағы өмірмен белсенді қарым-қатынасқа
түсуі. Оның барысында мұғалім нысанаға мақсатты түрде әсер етеді және
өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады
Педагогика – дамып отыратын ғылым. Оның алдында тұрған көпетеген
міндеттерді шешу үшін арнаулы зерттеулерді одан әрі жүргізе беру керек.
Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар: жаңа ғылыми
жаңалықтардың өмірге келуі, оның өмірге қажеттілігі, оқу-тәрбие
жұмысының сапасын көтеруге ықпалы; болашақтағы зерттеулерге негіз болу;
болжамның тәжірибе жүзінде дәлелденбеуінің өзі де оның тиімді жолдарын
іздестіруге мүмкіншілік береді.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің
қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын
ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Мұғалімдердің ғылыми-
педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгеруі педагогикалық үдеріс нәтижесі
сапасының жоғары болуына ықпал ететіндігі айтыс тудырмайтыны анық.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесіне қойылатын талаптар:
қоғамдық мәнділігі; ғылыми жаңалығы; теориялық және тәжірибелік мәні;
ғылыми анықтылығы; қорытынды және нұсқауларының өмірге қолдануға
мүмкіндігі, түсініктілігі; мектеп өміріне тез енгізу мүмкіншілігі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері:
-
жаңа ғылыми нәтиже алу;
15
-
теориялық білімді жетілдіру;
-
оқу-тәрбие удерісін жетілдіруге ықпалы;
-
ғылым мен дамуға болжам жасау.
-
Зерттеу міндеттерінің орындалуы.
Тәжірибеде педагогикалық үрдістегі ақиқат пен дүниені тану мен
ғылыми зерттеулердегі ақиқат арасындағы дүниені тануда шатастыру жиі
кездеседі. Сондықтан ғылымдағы таным үрдісі мен оқушылардың
(студенттердің)
танымдық
үрдісіндегі
айырмашылықтары
мен
ұқсастықтарына жете көңіл бөлген жөн. Ол ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің пәнаралық тұтастығын қамтамасыз етуге ғылыми-зерттеушілік
қызметтің сапасын жақсартуға, түпкілікті нәтижесіне бағдарлануына ықпал
етеді.
Таным үрдісінің ұқсастықтары:
олар үнемі ақиқатқа жақындау үрдістері;
олар диалектикакалық, үздіксіз дамуда болады;
таным қозғалыстарының негізіне қарама-қайшылықтар болуы;
таным әдісінің құрылысы бірдей, нақты пайымдауға, абстрактілік
ойлаудағы және тәжірибедегі өзара алмасуы көрсететін жалпы жолдары;
әдіснамалық негіздері бірдей;
таным-қоғамдық-тарихи категория.
Ғылымның танымдық әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы белгісіз құбылыстар;
қандай да бір ғылыми жаңалықтың ашылуы;
ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау,
қателіктер, теориялық пікірлер құрайды;
тұлға аралық өзара әрекеттің көбіне көмегінсіз таниды;
ғалымдар жаңалықты алғаш таниды;
ұзақ ғылыми ізденісті қажет етеді.
Оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері:
оқушылар (студенттер) бұрыннан белгіліні жаңалық деп
қабылдайды;
оқушылардың таным үрдісі қалыпты жағынан үнемдірек;
таным үрдістері олардың жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне
сай ұйымдастырылады;
таным үрдісі тек білім берушілік емес, тәрбиелеушілік,
дамытушылық сипатта болады;
мұғалімнің бағыттауымен жүргізіледі;
оқушылардың (студенттердің) оқуды әрі қарай жалғастыруға
және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен
дағдыларды игеруіне жол ашады;
білмеуден білуге қарай қадам басуы.
Демек, ғылым обьективті жаңаны, ал оқушы субьективті жаңаны
таниды.
16
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің
қорытындысы, негізінен, мектептер мен жоғары оқу орындарына ғылыми-
практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағаланады.
Жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы
мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға,
шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беру еді. Мектеп өмірінің күнделікті іс-
тәжірибесіне ғылыми-педагогикалық тәуір зерттелімдерін неғұрлым молырақ
пайдалана білу мұғалімнің кәсібилігінің көрінісі, оның бүгінгі күн талап
деңгейінен көрінуі, өскелең өмір заңымен үлесе алуы деген сөз.
Ғылым инновациялық үрдістің бастапқы буыны болып келеді.
Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми зерттеулерді
жүргізуге
дайындалған,
қазіргі
әдістерді,
ғылыми
зерттеулердің
менеджментін қолдана білетін, ғылымның өзекті сұрақтарын шешуге және
жаңа технологияларды құруға қабілетті мамандарды талап етеді.
Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері
зерттеу бағдарламаларының кешенді қолданылуы;
әр түрлі ғылымдар принциптері мен әлемнің жеке ғылыми
бейнелерінің өзара әрекеттесуі
Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс-әрекетінің
орны ерекше.
Болашақ педагогтардың ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығуын дамыту-
студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті.
Педагог-зерттеушінің жетістікке жетуі өзінің жеке тұлғасына
байланысты.
Ғылым үлкен еңбекті, жұмысқа қабілеттілікті қажет етеді. Ғылым – бұл
үздіксіз ізденіс, ой-пікірлердің тоғысуы.
Педагогикалық зерттеу – бұл адамдармен жұмыс, жауапкершілік,
адамдардың жан дүниесін түсіне білу, көмек көрсетуге ұмтыла алуы,
шыдамдылық, ұстамдылық зерттеушіге қажетті компоненттер.
Зерттеуші өз кезегінде адамдардың назарында болады.
Қазір оқу үрдісін ұйымдастыру үстінде студенттердің өздігінен жұмыс
істеуіне, өз мүмкіншілігіне сендіре білуіне, күнделік ғылыми-педагогикалық
және саяси ақпараттың зор тасқынымен дұрыс бағдарлас болуына ерекше
назар аударылуда.
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің
қорытынды, негізінен, мектептермен жоғары оқу орындарына ғылыми-
практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағынады.
Бұған оқу-тәрбие тәжірибесінен алынған монографиялар, кітапшалар,
оқу-әдістемелік және көрнекі құралдар, оқулықтар мен оларға қосымша
құралдар,
ғылыми
баяндамалар, мақалалар,
оқу-тәрбие
жұмысын
ұйымдастырудың әдістемелік талдамалары жатады. Мұндай жан-жақты
ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің
ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да
тиімді білім беруіне әсерін тигізері хақ.
|