1.3 Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс Зерттеуші мен білім беру саласындағы қызметкерлер (мұғалімдер,
тәрбиеші, психолог т.б.) іс-әрекетінің мақсатында өзгешеліктер болады.
Мұғалім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары көрсеткішке
жетуге ұмтылса, зерттеуші жаңа ғылыми білім алуға, қандай жағдайда
көрсеткіш жоғары болатындығын түсіндіреді және болашаққа болжам жасай
алады. Сонымен қатар, зерттеуші, әдетте, педагогикалық процестің бір
аспектісін қарастырса, мұғалім, тәрбиеші, білім беру мекемесінің директоры
өз жұмыстарында педагогикалық үдерістің барлық жақтарын кешенді
тұрғыдан қарастырады.
Мысалы, оқушының өзін-өзі бағалауы.
Педагог қызметкердің практикалық және зерттеу қызметіндегі
айырмашылықтарды бейнелеуге болады.