Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау Сабақтан үзінді: Мұғалім: Оқушыларға мынандай есепті шығаруды ұсынды: Омар
дүкеннен 15 дәптер сатып алды. Ол 3 дәптерін Үсенге, 4 дәптерін Сәулеге, 2
дәптерін Маратқа берді. Үсен мен Маратқа дәптерін бергеннен кейін
Омардың өзінде неше дәптер қалды?
Мұғалім: Есепті шығаруды неден бастаймыз?
Оқушылар: Есеп шығаруды талдаудан бастаймыз.
Мұғалім: Дұрыс. Есепті талдаңдар.
Оқушылар: Есепті талдауға кіріседі.
Мұғалім: Бізге не белгілі?
Оқушы: Омардың неше дәптер сатып алғаны және үш оқушыға неше
дәптер бергені белгілі.
Мұғалім: Жарайсың! Бізге не белгісіз?
Оқушы: Омардың өзінде неше дәптер қалғаны - белгісіз.
Мұғалім: Сенімен толық келіспеймін. Кімнің тағы қандай пікірлері бар?
Оқушы: Оқушыларға барлығы неше дәптер бергені - белгісіз.
Мұғалім: Оқушыларға барлығы неше дәптер бергендігі бізге қажет пе?
Оқушы: Жоқ. Үсен мен Маратқа неше дәптер бергені - белгісіз.
Мұғалім: Дұрыс. Сонда неше белгісіз бар екен?
Оқушылар: Екі белгісіз бар.
Мұғалім: Ал есепті шығаруға қатысы жоқ белгілі бар ма?
Оқушылар: Сәулеге берген 4 дәптердің есепті шығаруға қатысы жоқ.
Мұғалім: Дұрыс. Балалар! Есептің шешімі ондағы ненің белгілі, ненің
белгісіз болуына тікелей байланысты екенін, ол тапсырманы талдау
процесінде ғана анықталды.