Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет46/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

51 


2) А. фон Габэнның пікірінше, ел сөзі – «Ел, империя (=Reich), билік немесе 

үкімет  (Herrschaft)»  дегенді  білдірсе,  Р.  Жиро  «жүйелі  ұйымдасқан  мемлекет

империя,  саяси  билік»  дейді.  Ал  белгілі  ғалым  Ж.Клоусон  «тәуелсіз  билеуші 

басқаратын  саяси  бірлестік»  деген  мағынада  қабылдаған  болуы  керек  деп 

тұжырымдайды

73

.



3) Көктүрк жазба ескерткіштерін неміс тіліне алғаш болып аударған В.Радлов 

«Ел» сөзін «тайпалар одағы» (stammgemeinschaft) деп түсіндірген;

4) танымал шығыстанушы К.Броккельман да осы сөзді «егемендік, мемлекет, 

халық» деген сөздермен анықтаған;

5) Орхон жазба ескерткіштеріндегі мәтіндермен жұмыс жасаған ғалымдардың 

бірі  түрктанушы  Мухаррем  Эргин  бұл  сөздің  мағыналарын  «өлке,  ел,  отан, 

халық, мемлекет, мемлекет жүйесі» деп түсіндіреді

74

;



6) Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны мен М.Қашқаридің «Диуани лұғат 

ат-түрк» энциклопедиялық сөздігінде де «Ел» сөзінің мағынасына «мемлекет» 

деп түсініктеме берілген

75



Түрк әлемінен шыққан ғалымдар Орхон жырларындағы «Ел» сөзін шынайы 

әрі  өз  мағынасына  сай  жаңғырта  білді.  Бахаддин  Өгел  көктүрктер  дәуірінде 

«Ел»  сөзінің  мемлекет  мағынасында  қолданылғанын,  яғни,  қытайша  «куо» 

(kuo) сөзінің мағына тұрғысынан «Ел» сөзінің баламасы ретінде қолданылғанын 

атап көрсеткен болатын

76

. Қытай тілінде «куо» – «мемлекет және ел» деген сөз 



болатын.  Садри  Арсал,  Ахмет  Жафероғлу,  Осман  Туран  секілді  Түркияның 

танымал тарихшыларының пікірінше, «Ел» сөзі көне түрк тілінде негізінен нақты 

құқықтық мағынада «ұйымдасқан саяси бірлік (одақ)» деген ұғымды білдіреді

77



Ал белгілі түрктанушы М. Жолдасбеков «Ел» дегенімізді – мемлекет, империя

78

 



деп түсіну керектігін баса айтады. Олай болса, тіліміздегі «елдік құру», «елбасы» 

деген  сөздер  ежелден  келе  жатқан  сөз  тіркестері.  Мәселен,  Бұмын  қаған, 

Сели  қаған  («Хели,  Сері»),  Құтлық,  Мойынчұр  қағандардың  ресми  атақтары 

«Ел  қаған»,  «Елтеріс  қаған»,  «Ел  Етміш»  деп  аталғандығы,  «Ел  төре»  деген 

сөз мемлекеттік заңдарды, мемлекеттік төрелікті білдірсе, «Елші», «Елтебер» 

деген атақ мемлекеттік елдестіруші, жергілікті билік өкілдері сынды лауазымдық 

дәрежені  білдірді.  Осындай  нақты  төлтума  деректерден  «Ел»  атауы  саяси 

тәуелсіз мемлекетті, оның мемлекеттілік құзыретін, мемлекеттік саяси маңызды 

қызметтерін білдіргенін аңғарамыз. 

Демек,  «Ел»  ұғымы  қоғамдық-саяси  ұғымды  білдірді.  «Ел»  белгілі  бір 

шекарасы белгіленген, ру-тайпалық халықтардан құрылған, ол халықты билеуші 

73

 Karakaş, // http: //www.Altayli.Net



74

 Ergin, 1970, S. 98.

75

 Қашқари, 1998, 600 б.



76

 Ögel, 1971, S. 47

77

 Genç, 1981, S. 75; Karakaş S. İlk ve Orta Zamanlarda Devlet, Ülke ve Millet fikri // http: //www.Altayli.Net



78

 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005, 192 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет